Отандық әнші Айқын Төлепберген жеке басына қатысты қызықты ақпараттармен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz.
Өнер иесі құлаққапсыз ұйықтай алмайтынын айтты.
“Құлаққапсыз ұйықтай алмаймын. Аудиокітап, подкасттарды тыңдағанды жақсы көремін. Тек таза мақтадан жасалған киімдерді таңдаймын. Классикалық киімдерді ұнатпаймын. Тек жұмыста ғана киемін”, – дейді Айқын.
Сондай-ақ ол өнердегі әріптестерінен тұрақтлығымен ерекшеленетінін атап өтті.
“Отандық шоу-бизнестегі менеджерімен ең ұзақ жұмыс жасаған мен. 14 жыл біргеміз. Тек жанды дауыста ән айтамын. Тіпті тойларда да”, – деді әнші.
Оның сахнада өнер көрсетіп жүргеніне 20 жыл болған. Әншінің айтунша, несиеге мүлде жолмайтын көрінеді. Өзгерлерге де алуға кеңес бермейді.
Айқын Төлепберген жары Жұлдыз Өмірғалиден 13 жасқа үлкен. Өнері мен жеке өмірін байланыстырған ол тағы бір қызықты мәліметпен бөлісті.
“Мен алғаш рет “Алтыным” әнін орындап, өнер жолымды бастағанда, жарым Жұлдыздың жасы 3-те болған. Сондай-ақ МАИ қызметкеріне ешқашан пара беріп көрмеппін”, – деп ағынан жарылды әнші.
Ол балаларының болашағы үшін қазірден бастап қамданған.
“4 балама да үй алып бергенмін. Барлығы да жеке меншік мектепте оқиды”, – дейді Айқын.