$ 494.87  520.65  4.91

«Кімге кедергі болдым?»: Бағлан Әбдрайымовтың киносы түрлі себеппен көрсетілмей жатыр

Өңірдегі тағы бір кинотеатрда "электр жарығы сөніп қалды" деп, 44-минутта фильмді тоқтатып тастапты.
©instagram.com/baglan_abdraimov_official
©instagram.com/baglan_abdraimov_official

Халыққа азарттың азап екенін кино арқылы түсіндіргісі келген әнші Бағлан Әбдрайымов фильмнің соңына көрсетілмей, кедергіге тап болғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

“Астаналық көрермендер Кino.kz сайтынан билет сатып алған екен. Сатылымға шыққан билеттер толық өтіп, көпшілік жапатармағай киноға барған. Бірақ жиналған жұртқа "техникалық ақаулық орын алды" деп, орнына басқа кино көруді ұсынған. Одан соң қателеспесем, Атырау қаласында да бір кинотеатрға барған көпшілікке "киноны көрсетпейміз" деген. Әлгі жерге барған көрермендер наразы болып, "видео түсіріп, желіге таратамыз" деген соң ғана көрсеткен. Өңірдегі тағы бір кинотеатрда "электр жарығы сөніп қалды" деп, 44-минутта фильмді тоқтатып тастапты. Кино көрсету жағынан осындай түсінбейтін жағдайлар болып жатыр”, – дейді әнші.

Өнер иесі кімнің жолын кескенін түсіне алмай әлек.

“Бұл казино қожайындары тарапынан қасақана жасалып жатқан әрекет деп ойламайсыз ба?” деген сұраққа ол: “Кино түсіргендерден сұрасам, ешқайсысы мұндай жағдайды бастан өткермегенін айтты. Ал көзіммен көріп, қолыммен ұстап алмаған соң, бәзбіреудің қысастығы деп нық айта алмаймын. Бұл жағдай мені күйзеліске салды. Кімге кедергі болдым екен деп те ойландым. Бұл – саяси тақырыпты қаузайтын, не болмаса құмар ойынды қыздырып отырғандардың жұмысына кедергі келтіретіндей фильм емес”, – деп жауап берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары