$ 494.87  520.65  4.91

Мақпал Жүнісова: «Алтынбек аға маған ғашық еді»

Бірақ жақындай алған жоқ. Жеңгемізден қорықты ма екен?
Коллаж: Stan.kz ©instagram.com/zhunusova.makpal/altynbek.korazbaev
Коллаж: Stan.kz ©instagram.com/zhunusova.makpal/altynbek.korazbaev

Жақында 75 жасқа толған Алтынбек Қоразбаевтың ән кешінде Халық әртісі Мақпал Жүнісова өнер көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz.

Әнші композитордың өзі арнап жазған әнін орындап, оның тарихына тоқталды.

“Ертеректе, 20 жасымызда осы әнді Алтынбек аға маған ұсынған еді. Сол кезде маған: “Мен саған ғашықпын” деп айтатын. Бірақ жақындай алған жоқ. Жеңгемізден қорықты ма екен? “Сырттай ғашықпын” деп жүретін. Сонда осы “Мәңгілік махаббатым” деген әнді “саған арнадым” деп алып келгені есімде. Қазір жеңгем қызғанбайтын шығар деп ойлаймын. Мен 60-қа келдім, ол кісі 75-ке келді дегендей”, – деді өнер иесі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары