$ 483.23  534.74  5.12

Әнші Шаһизада өзінен 18 жас кіші жігітке тұрмысқа шықпақ

Бұған дейін үш некесі сәтсіз болған Шаһизада Байпатшанова теңін тапқанын жеткізді.
Фото: yerbolaterzhanbaev парақшасынан
Фото: yerbolaterzhanbaev парақшасынан

Бұған дейін үш некесі сәтсіз болған Шаһизада Байпатшанова теңін тапқанын жеткізді.

Өнер иесі интсаграмдағы парақшасына әнші Ерболат Ержанбаевпен түскен суретін салып: «Бізде жағдай осындай. Адамнан жасырғанды, Құдайдан жасыра алмайсың. Көп сөге көрмеңіздер, махаббат жасқа қарамайы екен» деп жазды.

Бұл ақпарды сүйіктісі де «Біреуден естігенше, өзімнің парақшамнан көргендеріңіз дұрыс шығар» деп нақтылай түсті.  Қос әншінің жазбасын оқыған жұрттың пікірі екіге жарылуда. Біреулер оларға бақыт тілесе, ендібіреулер Шаһизаданың бұл әрекетін әбестікке балаған. Арасында хайпқа санағандар да бар.

«Бұл жігіт 1984 жылғы болса, Шаһихада апай нешеде? Араларыңыз ойдай-ау, Ерке ойнамай қалды ғой», «Не дейміз басқа? Әркім бақытты болуға лайық. Жарасып жүрсе болды да, бізге не керек?!», «Кәрі түйе ойнақтаса жұт болады деген», «Өләә, келіншегің, перзенттерің бар емес пе?», «Өзімен кішімен жүру мода боп кеткен бе қазіргі заманда», «Әжеге бақытты болуға болмай ма, әйел бақытына ие болуға», «Жастарға жақсы үлгі көрсетпейтін болды бұлар. Ұлтымыз бұзылып барады, халқым!» деп жазды көпшілік.

Дереккөз: nege.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары