$ 481.84  531.33  5.07

«Ол - орыс, мен - қазақпын»: Фариза Ескермес көпшілік сүйіктісін ұлтына бола қабылдамай жатқанын айтты

Мен индуизмге, ол христиан болса да Исламға жақын.
©instagram.com/stories/fariza_yeskermes
©instagram.com/stories/fariza_yeskermes

Сүйіктісі өзге ұлт өкілі болғандықтан, көпшілік өнер иесінің таңдауын түсінбей, тіпті қабылдай алмай жатқан көрінеді.

“Ол – орыс, мен – қазақпын. Бірақ ол жан дүниесімен нағыз қазақ жігіті. Мұндай өз елінің патриотын ешқашан көрген емеспін. Ол менен қарағанда көп нәрсені біледі, қазақстандық әртістерді сүйіп тыңдайды. Өмірінің соңына дейін Қазақстанда тұрғысы келеді. Ал менің Америкаға кеткім келеді. Мен индуизмге, ол христиан болса да Исламға жақын”, – дейді актриса ағынан жарылып.

Оның айтуынша, Андрей қазір қазақ тілін үйреніп жүр.

“Қазақ тілін үйреніп жүр. Бесік тойдан бастап қазақтың барлық салт-дәстүрін біледі. Ешқашан “жоқ” деп айтпайды. Мені таңғалдырудан, күлдіруден, қуантудан жалықпайды. Сыйлайды және қатты жақсы көреді ”, – деп жазды Фариза.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары