15.02.2023, 17:00

«Өте қиын шешім болды»: Актер Жандос Айбасов ажырасып кеткенін айтты (ВИДЕО)

Бір-біріңе деген сенімнің жоғалғанын, ол адамға бір нәрсе айтқанда, саған сенбейтінін түсінесің.

Қазақстандық актер Жандос Айбасов бір жыл бұрын заңды түрде ажырасып кеткенін мәлім етті. Өнер иесі бұл шешімнің оңайға соқпағанын режиссер Қанат Бейсекеевке берген сұхбатында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

"Заңды түрде ажырасқанымызға бір жыл болды. Бұл өте қиын шешім болды. Мүлде бөлек адам екеніңді түсінесің. Бір-біріңе деген сенімнің жоғалғанын, ол адамға бір нәрсе айтқанда, саған сенбейтінін түсінесің. Бір үйде бірге тұрасың, бірақ үйдің атмосферасы ұнамайды", - деді актер сұхбатында.

Тегтер: актер ажырасу