16.02.2023, 13:00

«Қызғанышына қарайтын уақыт жоқ»: Актриса Дариға Бадықова күйеуі туралы айтты

Фото: ©instagram.com/dariga_badykova
Бойшаң, көзі үлкен ер жігіттерді іздеуші едім, сұрағанға берді, шүкір.

“Келінжан” сериалындағы Айсара рөлімен танымал болған Дариға Бадықова не себепті күйеуінің көпшілік алдына жиі шықпайтынын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz.

Оқырманның: “Күйеуіңізді неге жиі көрсетпейсіз?” деген сауалына актриса: “Шынымды айтсам, күйеуім әдемі жігіт. Көз тиеді. Бақыт тыныштықты жақсы көреді. Жыртыңдап сала бергім келмейді. Бойшаң, көзі үлкен ер жігіттерді іздеуші едім, сұрағанға берді, шүкір”, – деп жауап берді.

“Күйеуіңіз қызғанбай ма?” деген оқырман сұрағы да жауапсыз қалмады. Дариға ондай дүниемен бас ауыртпайтын көрінеді.

“Жоға, қызғанышына қарап отыратын уақыт жоқ”, –  деп қысқа қайырды.