$ 494.87  520.65  4.91

«Әйелімнен сыйлық күтпеймін»: Еркін Нұржанов эфирде күтпеген мәлімдеме жасады

Ол үйде балалармен отыр, жұмыс істемейді.
фото: juldyz.kz
фото: juldyz.kz

Танымал әнші, "Жігіттер" тобының бұрынғы мүшесі Еркін Нұржанов "Хабар" арнасындағы АйнаLine бағдарламасында қонақ болып, сүйген жарына қандай сыйлықтар жасайтынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Тек мереке кезінде емес, реті келгенде сыйлықтар беріп, қуантуға тырысамын. Гастрольден келген кездерде гүл беріп, көңілін көтеремін. Ал ең үлкен сыйлығым - бұл дүние емес, рухани сыйлық. Әйелімді "Дин" деп еркелетемін, сол себепті, атын әнге қосып, "Динара" деген ән шығардым", - дейді Еркін.

Сондай-ақ әнші әйелінен айтарлықтай сыйлық күтпейтінін жеткізді.

"Әйелімнен сыйлық күтпеймін. Ол үйде балалармен отыр, жұмыс істемейді. Оның маған сыйлаған перзенттерін ең үлкен, бағасыз сыйлық деп білемін. Ал дәмді тамақтарды күнде дайындайтындықтан, оны сый деп қабылдамаймын", - деп күлді әнші.

Айта кетелік, Еркін Нұржанов - көптеген хит әндердің авторы әрі орындаушысы. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары