$ 450.79  482.21  5.05

Айнұр Тұрсынбаева: «Қайда әлгі ғалымдардың бала 2 сағат сайын қоректенбесе аштан өледі дегені?!»

Туғанына 10-ақ күн болған нәресте суық жерде сусыз, сүтсіз қалай сап-сау 7 күн жатқан?!
Фото:  instagram.com/aidyn_nury
Фото: instagram.com/aidyn_nury

Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева Түркияда жер сілкінісі кезінде қирандылар астында бірнеше тәулік бойы жатып, аман қалған жандарды Алланың құдыретіне балады.

Бұл ретте ақын ғалымдардың сәби 2 сағат сайын қоректенбесе, аштан өлетініне сенбейтінін кесіп айтты, деп хабарлайды Сaravan.kz тілшісі.

Айтыс ақыны бұл ойымен өзінің желідегі парақшасында бөлісті.

«Қайда әлгі ғалымдардың бала 2 сағат сайын қоректенбесе аштан өледі дегені?! Мүлде су ішпесе 3 күннен соң шөлдеп өледі дегендері ше?! 11 күн бойы қалвй жыламаған мына періште? Жыласа ішегі үзіліп кететін уақыт болды ғой...Туғанына 10 ақ күн болған нәресте суық жерде сусыз, сүтсіз қалай сап-сау 7 күн жатқан?! Кім оларға күш берген?! Қалың тон киіп алсақ та жылына алмай жатырмыз дейді құтқарушылар, мына балаларды кім жылытқан? Қараңғы жерде, қара тастың астында бәлен күн аман жатқан балалар Алланың құдіретін көрсетпей ме?!

Түркиядағы жер сілкінісі туралы бүкіл дүние жүзі айтып жатыр... Қандай ғажайыптарды естіп жатырмыз... Клиникалвқ өліммен бір өліп бір тірілген еркекке өлім періштесі келіп, қойған сұрақтарын естідңіздер ме? "Менің 2 баламды құтқарыңыздаршы, дәл мына жерде жатыр" деп құтқарушыларды шақырып алып, артынан жок болып кеткен әйел ше?! Балалар құтқарылды, бірақ білетіндер олардың шешесі 4 жыл бұрын қайтыс боп кеткенін айтып жатыр... Бұл не ғажап...», - деді ол.

Жазба соңында ақын Алла елімізді жамандықтан сақтасын деп, дұға тілейтінін айтты.

«Бұл түрік халқына келген сынақ, адамзатқа сабақ! Алла Тағала айтады: «Ол күні қатты сілкініс болады. Оның артынан тағы бір сілкінеді». («Назиғат», 6-7 аят) Иманымызды күшейтейік... Ертең баратын жеріміз, жататын жеріміз бір... Алла ұлық! Алла елімізді жамандықтан сақтасын! Жұма мүбәрәк болсын достарым! Бір-біріміз үшін дұғада болайық», - деді ол.

Желі қолданушылары ақынның бұл сөзімен келісетіндерін жеткізген. Олар:

«Иә, рас айтасыз, Алланың құдыреті деген осы шығар», «Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсыншы», «Алланың құдыреті шексіз ғой, Түркия еліне сабырлық тілейміз», «Періштелері қаққан балалардың ғұмыры ұзақ болсын» деп жазды олар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары