18.02.2023, 17:20

Ерке Есмахан сырға салу рәсімі өтетін күнді мәлім етті

Фото: instagram.com/erke_esmahan
Сәттілік тілеп өтіңіздер.

Әнші Ерке Есмахан сырға салу рәсімі өтетін күнді айтты, деп хабарлайды Zakon.kz. Ол шақыру қағазын Instagram-дағы сторисінде бөлісті. Онда сырға салудың 19 ақпанда болатыны жазылған.

"Қайырлы күн! Ертең бұйыртса біз үшін маңызды күн! Сәттілік тілеп өтіңіздер", - деп жазды әншінің өзі 18 ақпанда.

Еске салайық, қаңтарда Ерке Есмахан мен Raim-ның неке қидырғаны белгілі болды. Кейін Ерке Есмахан келіндік өмірі мен ұлының RaiM-ға көзқарасы туралы айтты.

Тегтер: Ерке Есмахан