$ 498.34  519.72  4.85

«Ер адамдар көп нәрсеге еріп кетеді»: Қайрат Әділгерейдің әйелі отбасылық құндылықтың маңызы туралы айтты

Ерлердің мінездері әлсіз келеді.
Фото: instagram/bakyt_turman
Фото: instagram/bakyt_turman

Белгілі актер, шоумен әрі дубляж шебері Қайрат Әділгерейдің жары Бақыт Тұрман "Хабар" арнасындағы "Оян" бағдарламасында қонақ болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Өнер адамының жұбайлары туралы айтқан ол отбасылық құндылық әрбір отбасында бірінші орында тұруы керектігін жеткізді.

"Біріншіден, күйеуге шыққан кезде біз олардың өнер адамы екенін білдік, қабылдадық. Қайда бара жатқанымызды білдік. Бастапқы кезде көп ренжитінмін, түсініңкіремейтінмін. Ер адамдарды үнемі сыртқа қарай тартып тұрады. Ортасы бар, достары бар. Солармен ыңғайлы, солармен жақсы. Миды да ашытпайды. Бірақ екеуара сөйлескен кезде, оған отбасылық құндылықтарды ұмытпау керектігін тәрбиелік мақсатта айтып отырамын.

Яғни, отбасыңды ұмытпа, отбасың бірінші орында болуы керек деймін. Шыны керек, әйел болсам да, мен үнемі кеңесімді, ақылымды Қайратқа айтып отырамын. Ер адамдар көп нәрсеге еріп кетеді. Ондай бар.. Былай айтсақ, олардың мінездері әлсіз келеді. Көп нәрсеге еріп кетеді, оның арасында жаман қылықтар да бар.

Солай еріп кетпеуі үшін мен екеуара диалогта барлығын айтып отырамын. Біз отбасылық өмірдің жұмыстан да, шығармашылықтан да биік екенін мойындадық", - деді Бақыт Тұрман. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары