$ 483.23  534.74  5.12

«Әкем бір аунап түскен шығар»: Ерке Есмахан Раим екеуіне тілеулес болған көпшілікке алғыс айтты (ВИДЕО)

Текті әулетке келін, есті жігітке жар болып барам.

Күні сырға тағу рәсімі өтіп, мұсылманша неке қидырған жұбайының отбасы құда түскен Ерке Есмахан өзіне қолдау көрсеткен көпшілікке алғыс айтты. Әнші өмірден өткен әкесін еске алып, анасына ризашылығын білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Әкем бүгін бір аунап түскен шығар. Бүгінгі қадамымызға ақ батасын, дұғасын айтып, арамызда отырар еді. Жатқан жерің жарық болсын, әкешім! Анашым, жүз жасаңыз! Тебіреніп, толқып жүрген жүрегіңе Алла күш, қуат берсін.

Текті әулетке келін, есті жігітке жар болып барам. Анамның ақ батасымен жаңа өмірге аяқ бастым. Бізге тілеулес болған қазақ халқына рахмет айтам! Әр әулетте тек бақытты жұптың тойы болсын", - деді Ерке Есмахан Instagram желісінде.

Естеріңізге сала кетейік, Ерке Есмаханға кеше сырға салынып, құдалығы өткен болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары