Актриса Гүлназ Жоланованың сырға салу рәсімі өтті. Бұл туралы әнші Ерке Есмахан жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Ерке Есмаханның сөзінше, актриса Гүлназ Жоланова екеуінің сырға салу рәсімі бір күнге тура келген.
"Тағы бір сұрақ бар екен, көпшілікті толғандырған. "Кешегі құдалықта неге @zholanova_hulnaz подругаң жоқ?" деген. Екеуміз жүріп-жүріп, енді бір-бірімізге қабаттасып, күйеуге шығып жатырмыз. Кеше Ақтауда Гүлназға да сырға салынды, ағайын. Бір күнде "сырғалым" болдық. Теңін тапқан құрбыма "бағың ашылсын" деймін. Бақытты, үбірлі-шүбірлі болыңдар! Құттықтап қойыңыздар", - деп жазды Ерке Есмахан.