01.03.2023, 17:40

Жазира Байырбекова «менің жолымды берсін» деп айтпауға кеңес берді

Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova
Біреудің жолын таңдамаңыз.

Отандық әнші Жазира Байырбекова "менің жолымды берсін" деп айтатындарды сынға алды. Әнші көпшілікке олай бата-тілек айтпауға кеңес берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Біреуге "менің жолымды берсін" деп сенімді түрде айтпаңыздар. Бала-шағасы өсіп-өнген 90-ға келген бақытты ана айтса жарасады. Одан да "менің бақытты, сәтті жолымды берсін" десеңіздер дұрысырақ болар еді. 100 пайыз күнде бақытты болып жүретін пенде жоқ. Әртүрлі жолдар бар. Біреудің жолын таңдамаңыз. Мүмкін сізге бұйыртқан Алланың жолы оныкінен де бақыттырақ шығар", - деп жазды әнші Instagram парақшасында.

Ал әншінің бұл жазбасына желідегілер қолдау көрсетіп, дұрыс екенін айтты.

"Дұрыс айтасыз", "Бұл өмірде әркімнің өзі жүріп өтетін жолы болады", "Жолын берсін" деп ырымдап, жастарға да тұсау кестіріп жатады", "Әркімнің өз жолы бар", - деп жазды желі қолданушылары.