02.03.2023, 18:00

«Көшеде таныстым»: Айгүл Мүкей жұбайын қалай жолықтырғанын айтып берді

Фото: instagram.com/aigulmukei
Сәуір айында таныстық. Ал маусымда неке қидырдық.

Танымал тележүргізуші Айгүл Мүкей алғаш рет жұбайы жайлы ашып айтты. Үш баланың анасы күйеуімен көшеде танысып, бірнеше айдан соң тұрмысқа шыққанын Ләйлә Сұлтанқызының бағдарламасында мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

"Күйеуіммен көшеде таныстым. Ол менің кім екенімді де білмеді. Көлігімді қалдырып, сауда орталығына бардым. "Сәлеметсіз бе? Сізбен танысайын деп едім" деді. Мен макияжбен болғанмын.

Сәуір айында таныстық. Ал маусымда неке қидырдық. Екі-үш айдан кейін бала көтердім", - деді Айгүл Мүкей.