Шара Жиенқұлованың шәкірті. Қазақстанның Халық әртісі, даңқты биші Гүлжан Талпақова күйеуі құрбысымен опасыздық жасап, екі балсымен тастап кетсе де, ата-енесіне қамқор болған деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі .
Биші Гүлжан Талпақова 19 жасында тұрмысқа шыққан. Қайын атасы Әнуар Алашорда қайраткері, патша әскерінің подполковнигі Нұрғали Ипмағамбетовтың ұлы болса, енесі Гүлжиһан Ғалиева эстрада және цирк студиясының іргетасын қалауға атсалысқан жан екен.
Бірақ ең сорақысы күйеуі отбасылық өмірдің бірер жылынан соң бишіні тастап, оның құрбысына үйленіп кетеді. Гүлжан апамыз екі баласын құшақтап қала береді. Арада біраз жыл өтеді. Биші екінші рет тұрмыс құрады.
Бір күні бұрынғы енесі хабарласып, ауруханада ауыр халде жатқанын айтып, жанында болуын өтінеді. Биші бұрынғы енесі ақтық сапарға аттанғанша жанында болады. Кейін қайын атасы хабарласып, балалары, немерелерінің бар болғанына қарамастан жалғыз қалғанын айтады. Барлығы тастап кетіпті. Кейінгі күйеуімен ақылдасқан Гүлжан апа ол кісіні де қолына алыпты.
Бұрынғы қайын атасын үйіне көшіріп аларда Д.Қонаев бастаған игі-жақсыларды шақырып, әкесі ретінде тануын өтінген. Ол кісі де соңғы сапарға бишінің қолынан аттанады.