Бекзат өнердi бiр бел асырып тастады - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Бекзат өнердi бiр бел асырып тастады

11.11.2016, 23:17

Облыстық орыс драма театрында аймақтық Қазақ романсиадасы романс орындаушыларының дәстүрлi байқауы өттi. Биыл айтулы шара ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналып отыр. Ән фестивалiн облыстық мәдениет басқармасы, облыстық «Южный Казахстан» газетi редакциясы және облыстық славян ұлттық мәдени орталығы ұйымдастырды.

Биыл он тоғызыншы рет өткiзiлiп отырған романсиада бүгiнде Орта Азия мемлекеттерi мен алыс-жақын шетелдерден, елiмiздiң барлық облыстарынан қатысатын үмiткерлердiң тәжiрибесiн шыңдап, үлкен сахнаға жолдама беретiн белгiлi жобаға айналды. Қазақ романсы мен вокалды музыкасын насихаттауға арналған шараға Өзбек-

стан, Қырғызстан мемлекеттерiнен және елiмiздiң барлық өңiрiнен 40 үмiткер қатысты. Бекзат өнер байқауына Ресей Федерациясының еңбек сiңiрген әртiсi Галина Преображенская, танымал әншi Нұржамал Үсенбаева, халықаралық байқаулардың жеңiмпазы, жерлесiмiз Гүлжан Рысқалиева секiлдi танымал өнерпаздар қазылық еттi.

Екi күнге созылған фестиваль шын таланттарды жарқыратып көрсете бiлдi. Қазақ романсын орындаушылар арасында бiрiншi орынды Айбек Қанатбек, екiншi орынды Нұрсұлтан Шатырханұлы, ал, үшiншi орынды Адис Ардинатов иелендi. Сондай-ақ, орыс романсын шырқау шегiне жеткiзiп орындаған Бекзод Давронов бас жүлденi жеңiп алды. Аталмыш номинация бойынша бiрiншi орын Ұлан Асамудинов пен Азат Тұранелге берiлдi. Екiншi орынды Айдос Иманжаппаров пен Әйгерiм Аманжолова, Қожаназар Жұмаев алса, үшiншi орын Алымбай Кәрiмбаев, Сырғақ Асанақынов, Ақбота Серiкболоваға бұйырды. Шымкент қаласындағы №1 саз-эстетика мектебiнiң оқушысы Аманжол Жолымбеков Балалар романсиадасының жеңiмпазы болып табылды. Байқауға қатысушылар бұл күндерi бекзат өнердi тағы бiр бел асырып тастады десек қателеспеймiз.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

Яндекс.Метрика

©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші