Балалар арасындағы «Қазақ романсиадасы» өтті - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Балалар арасындағы «Қазақ романсиадасы» өтті

10.11.2016, 15:53

Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойына орай Шымкентте балалар арасындағы облыстық «Қазақ романсиадасы» байқауы басталды. Биыл он тоғызыншы рет дәстүрлі түрде өткізілген конкурсқа кәсіби білім алатын үміткерлер мен орта білім алушылар қатысуда. Барлығы 40-қа жуық өнерпаз қазақ-орыс тілдерінде екі шығармадан орындайды.

Романсиада ұйымдастырушылары — облыстық славян этно-мәдени орталығы. Олардың айтуынша, романс орындауға деген балалардың қызығушылығы жыл сайын артып келеді. Қуаныштысы сол, биылға байқауға Мақтаарал ауданы мен Қызылорда облысынан келген балалар да қатысып, бағын сынауда.

Ұйымдастырушылар осылайша балаларды ерте жастан өнерге баулымақ. Алғашқылардың бірі болып сахнаға шыққан Ернұр Молдағалидың вокалдан сабақ алғанына 2 айдың жүзі болыпты. Соған қарамастан ерекше құлшыныспен келген жас өнарпаз қазақтың халық әні «Ақбақайды» нақышына келтіре орындап шықты. Үміткердің бойында қорқыныштан гөрі, жеңіске жетем деген үміті басым.

Ернұр Молдағали, балалар романсына қатысушы:  

«Жетекшіммен алдымен орындайтын романс таңдадық. Қайта-қайта орындап, даусымның ашылуы үшін көптеген жүмыстар жасадық. Бүгін ойдағыдай орындап шықтым. Романс байқауына алғаш рет қатыстым. Жеңемін деген үмітім де бар».

Ұйымдастырушылардың айтуынша, осы жолы Қызылорда облысынан келген жеткіншектер де болды. Бұл байқауда шығарманы тек нақышына келтіріп орындау аздық етеді. Әрбір орындаушыға қойылатын талап жоғары.

«Балалар романсы» конкурсы бір күнде аяқталды. Оның жеңімпаздары үлкен сахнаға шығуға мүмкіндік алып, 23 қазан күні ересектер арасында өтетін «Қазақ романсиадасы -2016» байқауының гала концертіне қатысады. Сол күні де өнерін көпке ұсынады.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

Яндекс.Метрика

©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші