ОҚМПИ-дi түлектерi ұмытпайды - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

ОҚМПИ-дi түлектерi ұмытпайды

14.11.2016, 09:38

Танымал эстрада жұлдызы Алтынбек Тәшiмбетов өзi бiлiм алып, үлкен өмiрге жолын ашқан оқу орны – ОҚМПИ ұжымымен кездестi. Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келген бұл сапарында әншi оқу орнының оқытушыларына арнап «Ұстаздарға мың алғыс» атты концерттiк бағдарлама ұсынды. Сахнада қалың тыңдарманның талғамынан шыққан хит туындыларымен қоса, жаңадан жазылған әндерiн де шырқады.

Кездесуде әншi студенттердiң сұрақтарына орай сахнаға алғаш шыққан шақтарын, көңiлдi тапқырлар клубы сапындағы басынан өткен қызықты жағдайларды әңгiмелеп бердi. Институт қабырғасында жүрген сәтте қатысқан байқаулары, жеңiстi сәттерi туралы сөз еттi.

Жиын соңында институт ректоры Оңалбай Аяшев әншiнiң шығармашылығына табыс тiлеп, ұстаздарға көрсеткен құрметi үшiн өнер иесiне алғыс айтты.

Жалпы, аталған оқу орнының тарихытереңде жатыр. Ең алғаш рет 1937 жылы Оңтүстіктегі бірінші ашылған екі жылдық мұғалімдер институты 1954 жылы Шымкент педагогикалық институты болып қайта құрылды. 1993 жылы Шымкент педагогикалық институты ҚР үкіметінің қаулысымен Түркістан қаласында жаңадан ашылған Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің құрамына кірді. Ал, 2011 жылғы 28 маусымынан бастап Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты қайта ашылды. Педагогикалық институт оңтүстік өңіріндегі ең алғашқы жоғары оқу орны болып есептеледі. Осы уақыт аралығында еліміздің сол кезеңдегі маңдай алды алғашқы зиялылары, ғалым ұстаздары еңбек еткен қасиетті де киелі қара шаңырақ тек облыс көлемінде ғана емес, республикамыздың басқа да аймақтары үшін мыңдаған білікті маман педагогтарды даярлап шығарды.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

Яндекс.Метрика

©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші