Соңғы жаңалықтар

Мәдениет & Шоубиз

Есенғали Раушанов, ақын: Шындықты ашып айту керек деп шештім

Оның қатары бүгінде көптомдықтарын шығара бастаған. Бірақ, бұл кісі кітап шығаруға да құлықсыз. Әйтпесе, үлкен бір баспаның құлағын ұстап отыр. «Осы күнге дейін жазғаным бір-екі кітаптан аспайды» дейді өзі. Бірақ, біз оған сенбейміз. Өйткені, Оның досы да, сырласы да, мұңдасы да – Өлең. Мұндай адамның жазғаны аз болмасы анық. Әңгіме іріктеп, сұрыптап, «ең, ең, ең» дегендерін шығару туралы болса, сөз басқа. Жалпы, бұл кісі сұхбат бермейді. Телевидениеге бармайды. Жазушылар Одағына да. Бірақ, анда-санда әңгімелесіп қалсаң, құлақ құрышың қанады. Бүгінгі кейіпкеріміз – ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Есенғали Раушанов. 

Талантымен танылған тұлғалар

Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы. Бұл кешегі кеңестік кезеңдегі еліміздегі талабы таудай, дарынды жастарға берілетн мемлекеттік деңгейдегі сыйлық еді. Ленин комсомолы сыйлығы ғылым, техника, өндіріс, мәдениет саласындағы жоғары жетістікке қол жеткізген, шығармашылығымен бастамашылдық  танытқан жас авторларға берілді. Қазақстан Ленин комсомолы сылығын тағайындау одақ көлемінде алғашқылардың қатарында белгіленді. Оған дейін тек Украинада Н.Островский атындағы Украина Ленин комсомолы сыйлығы болған еді (1958). 1364 жылдан екінші болып Қазақстан жастарын ынталандыру қолға алынды. Қалған республикалар үрдісті 1366 жылдан бастады. Қазақстан Лениншіл коммунистік Жастар одағы тағайындайтын бұл сыйдық 1990 жылға дейін екі жылда бір рет беріліп, барлығы 24 қаламгер марапатталған. Біз бүгін әдебиет пен журналистика саласында осы сыйлықпен марапатталғандар туралы сөз қозғамақпыз.

«О, адамдар, біргемін мен сендермен»

Жырлары жүректерді сағынышымен баурайтын ақиық ақын Төлеген Айбергенов жасы отызға да толмай өмірден өтті. Жасындай жарқ ете қалған талантты ақынның артында мәңгі өлмейтін мұрасы, жалынды жырлары қалды.

Айға табынған Айша

Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» романы мен «Мылтықсыз майдан» повесінің желісі бойынша Еркін Жуасбектің жазған пьесасы М.Әуезов атындағы драма театрының сахнасына шықты.

Пахраддин – парасатты Қабдоловтың прототипі еді

Отызыншы жылдардың зұлматы мен нәубеті туралы жазылған шығармалардың қатарында жазушы Смағұл Елубайдың Мемлекеттік сыйлық алған «Ақбоз үйі» айырықша орын алады.

Жасын бейнесіне жасырынған Асқар

«Анна Каренина кім?» деп сұрағанда, Лев Толстой сезімін, қиялын, парасаты мен шеберлігін, қоғамға артар кінәсін, заманға жүктер сөзін Аннаның бойына жинақтағанын айтады.

Тұрсыновтың тоқмейілси бастағаны ма?

Е.Тұрсынов бекітіле тұра, Қазақ хандығының 550  жылдығы туралы фильмді түсіруден бас тартыпты деп естідік. Бар шаруаны жиып тастап, мерейтойды өткізуге жауапты орынның бәрі жанталасып дайындықты бастағанда, бұл кісінің бұра тартқанын түсінбей қалғанымыз рас.

Сәбит Оразбаев, Қазақстанның халық артисі: Өзбектің әніндегі екі сөздің бірі – «мехнат», ал қазақтікі – «ойна да күл»

– Аға, біздің естуімізде ұстазыңыз Асқар Тоқпанов: «Менің шәкірттерімнің ішінде Кеңес Одағының Халық артисі атағы берілмей,  лайықты бағасын ала алмай қалғаны жалғыз Сәбит Оразбаев» деп отырады екен. Шынымен де, алуға үлгере алмадыңыз ба, әлде басқа себебі болды ма?

Бекжан Тұрыс ұйғыр ма?

Бүгін – Күлкі күні. «Әзілің жарасса, атаңмен ойна» дейтін қазақ қалжың-қағытпаны қашан да теріс көрмеген. Тап осы күнді арнайы атап өтпесе де, дәл осы күнді аңсап күтіп, қалжың көтерер құрдасын сан соқтырып алдап кетуді мұрат етпесе де, қазақ әдемі әзілдің бағасын қадам заманнан білген де, бағалаған да. Жан тапсырып жатып та әзілдеп кеткен актерлер болыпты. Себебі әзіл түбі – зіл, зілдің түбі – шындық. Ал адам көңіл түкпірінде үнемі шындық іздеп жүретінін өзі де сезбейді. Бұл күлкінің бір қыры болса, ең басты қыры, күлкі – жанның шипасы. Бір рет жақсылап тұрып күлгеннің денсаулыққа пайдасы зор екенін екінің бірі біледі. Әзілдескенді жақсы көретін, ойнамаса ойындағысының бірі кем боп тұратын көңілді жандар қай театрдан да табылады. Балдай тәтті әзілімен төңірегін базар жасап, отырған жерін ду-ду күлкіге көметін тілі уытты артистер қалжыңға бір иығын беріп тұрмаса ішкен асы бойына тарамайды – юмор мен сатираның ордасы да осы театрлар. Назарыңызға кешегі күннің әзілі мен бүгінгі толқынның қалжыңын қатар бердік, күліңіз, күлкі өмір жасты ұзартады...

Таланттың бәрі – театрда

Табиғат баршасын бірдей етіп жаратса да, танымал адамдардың бойынан ерекше қасиет, бөлекше мінез байқап жатсақ, таңдай қағып таңырқап жатамыз… Мүмкін, олар ел алдында жүрген белгілі адамдар болғандықтан ерекше қасиет іздеуіміз заңды да болар. Асылында, ол да адам, адам болған соң әр нәрсені ермек етеді, ол үшін айырықша қасиет те, өткір мінез де, елден ерек жаратылыс иесі болуы да шарт емес.

Алайда «Егер адам талант болса, ол барлық жағынан талантты» деген сөз тегін айтылмаса керек. М.Әуезов атындағы академиялық драма театр актерлерінің әмбебаптығы әр-әр жерде көрініп қалып жүреді. Жұрттың бәрі соңына шам алып түсіп іздеп, таппай қоймайтын, тауып алса тап сондай қырын айтқызбай тынбайтын басында алты емес, жеті өнерге дейін жетіп-артылатын таланттар бұл театрда жетерлік. Мұнда әуелетіп ән салу да, буын-буынды былқылдатып билеу де, дүйім елді аузына қаратқан асабалық та, сахнада сартылдатып сайысып, спортпен айналысу да өнер болып саналмайды. Өйткені екінің бірі бұдан қаражаяу қалмаған.

 АлАсанәлі Әшімұлының, Құман Тастанбековтің, Саят Мерекеұлының талайды таңдай қақтырған танымал тастаяқ шеберлері екенін тізбелеп, таратып айтпай-ақ қояйық. Онсыз да белгілі. Бірақ талай сұлуды ойнап, таңдай қақтырған, бүгінде жетпістің биігінен көрініп отырған Торғын Тасыбекова апамыздың жас күнінде 3-разрядты волейболшы болғанын, көркем гимнастикамен айналысқанын екінің бірі біле бермес. 80-ге келіп қалған Нүкетай Мышбаева апайымыздың аптап ыстық, аязды күнге қарамай ішкі және сыртқы үйлесімділік үшін әлі күнге суық су құйынатын батылдығын айтпағанымыз әбестік болар. Дайын көлік тұрса да, денсаулығы үшін жаяу жүргенді дұрыс көреді.

Жә, мұны қойыңызшы, мысалы, театр актрисасы ғана емес, кинода да жұмбаққа толы жанарымен есте қалатын Шынар Асқарованың артистіктен бөлек, ауыр атлетикамен де айналысқанынан  хабарыңыз бар ма? Ия, ия, спортты сүйетін отбасында тәрбиеленгендіктен, өзінен екі жас үлкен ағасы ауыр снаряд, гир көтерумен айналысқандықтан, Шынар да бір көзін осы өнерге салып өсіпті. Кеңестік кездегі теледидардан таңғы сағат 6-да берілетін «Начинаем утреннюю зарядку. И раз, и два» деген таңғы жаттығу болушы еді ғой, осыны Шынар тәтті ұйқысын қиып тұрып, ерінбей жасап өскен. Жүгіруден де алдына жан салмаған. Студент кезінде бос жүруді бойына ар санаған болашақ актриса жатақхананың жертөлесіндегі ауыр атлетика секциясына барып қатысады. Ауыр гирлерді көтеріп, көрсеткіштері де тәуір болып, жаттығып жүргенінде жаттықтырушысы келіп: «не өнерді, не зілтемірді, тек екінің бірін ғана таңдауға, ақылына құлақ салса, дәл жатақхана іргесінен ашылып жатқан у-шуға баруға» кеңес береді. Сөйтіп зілтемірші Шынар у-шуға шу-у-у деп тартып кетеді. Айтпақшы, ол бұл спорттың пайдасын да көріпті. Үш-төрт жыл бұрын театрдағы жігіттер 8 наурызда қыздар арасында амреслинг жарысын ұйымдастырғанда, Шынар Асанәлі ағасы тіккен ақшалай сыйды құрбыларының бірде-бірін өзіне тең келтірместен жеңіп алған екен. Актриса Зәуре Көпжасарова да ілгеріректе желмен жарысқан жүйріктің өзі болыпты. Бұл аз болса, ауыздығымен алысқан асауды тақымына қылбұрау салып тұрып үйрететін, соғымға жылқы байлайтын өнері тағы бар. Марқұм әжесі палуандармен күресіп, алып ұрып, жігіт біткенді жерге қарататын жүректілігінен бөлек, түйемен жарысқан желаяқтың өзі болыпты, «соның қасиеті сенде қалған» деп отырады екен үй ішіндегілер. Зәуре де күні бүгінге дейін әлдекімге ашуланса, ренжісе, іштегі қыжыл-өкпесін  шығару үшін әлденеше айналым жүгіріп келетін көрінеді. Ал қазысы жеңді білектей болып жарылып түсетін жылқыны баптаудағы Зәуренің «рецепті» тіпті бөлек, ол байлаған соғымның ерекше тіл үйіретінін ауылдастары әлі күнге тамсанып айтатыны бар.

       Ал театр актері Жұмағали Махановтың қамшы өретін өнерін әріптесі Бекжан Тұрыс аузының суы құрып тұрып әңгімелейді. Өзінен сұрағанымызда, «Бұрыннан бар өнер ғой. Қайтейін енді, баяғыда «Ғасырдан  да ұзақ күн» спектаклі алғаш сахнаға шыққанда дүкеннің қамшылары шыдамай, көрерменнің көз алдында шарт-шарт сына берді. Реквизит жасайтын жігіттердің өрген қамшысы да әлсіздеу болып, шыдас бермеді, амал жоқ, спектакльге жаным ашып, сондағы сегіз жігітке арнап 8 қамшы өрдім. Солар әлі күнге дейін бар. Қамшыдан шартылдаған дыбыс шығу үшін өрілуі де бөлек болады. Ал анау дүкен мен базардың күші де, тілі де жоқ дермантин қамшысынан еш қайыр жоқ» деп бір қайырды. Бекжан ағамыз әріптесінің қарапайымдылығына күйіп кеткендей жанұшыра басқа да қасиеттерін айтып тауыса алмай жатыр: «Білесіз бе, бұлар тұқымымен мықты футболшылар. Шындап айналысса, «Қайратыңның» шашасына шаң жұқтырмаған кез келген мықты аяқдопшысынан айласын асыра алады. Футбол деймін-ау, үстел теннисін ойнағандағы шеберлігін айтсаңшы! Кез келген мықтың мұның жанында жіп есе алмай қалады! Түуу, тастаяқ ойнағанда кім теңесе алар екен?» Ал режиссер Әубәкір Рахимов атақты Бексейіт Түлкиевпен бірге у-шу өнерімен жаттыққан. Тіпті ол кісінің сиқыршылық өнері де бар көрінеді. «Спектакльге қажет болып жатса, актерлерге бір-екі сиқырды өзі-ақ үйретіп бере алады»,- дейді қарашағырақтағылар.

       Жоламан Әмір каратэмен айналысып, ешбір аурухана маңына жолатпаған кезде, Желтоқсанның жарасын осы спортпен өзі-ақ емдеп, жазып алған. Ермек Бектас та күрес, дзюдо, теннисті қатар алып жүрген актер. 2011 жылы театр ішінде ұйымдастырылған кубокты жеңіп алып, 100 мың теңге мен музыкалық  аппаратураларды иеленген. Жалпы, Әуезов театрының қай-қай артисінің де бойында бұғып жатқан бір-бір өнер баршылық.

                                                                                                                   

Дайындаған Мәдина Алиакбарова