Соңғы жаңалықтар

Мәдениет & Шоубиз

Өнерiм саған – ауылым

«Өнерiм саған – ауылым» атты бағдарлама аясында Құмкент ауылында кереметтей мәдени iс-шара өттi.

Балалар арасындағы «Қазақ романсиадасы» өтті

Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойына орай Шымкентте балалар арасындағы облыстық «Қазақ романсиадасы» байқауы басталды. Биыл он тоғызыншы рет дәстүрлі түрде өткізілген конкурсқа кәсіби білім алатын үміткерлер мен орта білім алушылар қатысуда. Барлығы 40-қа жуық өнерпаз қазақ-орыс тілдерінде екі шығармадан орындайды.

Дәурен ақынның жыр жинағы жарық көрдi

 

Сары жапырақ – дiр етер қыз мұң,Мен-дағы сондай суретi ем күздiң.Алай да дүлей шыр айналдырған,Тағдырымыз да бiр екен бiздiң.

Бұл – қаламынан мұң мен сыр аралас жыр төгiлген Дәурен Айманбетовтiң өлеңiнен үзiндi. Оқырмандарының ыстық ықыласына бөленiп жүрген бұл ақын өңiрiмiзге ғана емес, республикамызға танылып үлгердi. Жуырда Шымкенттегi А.Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кiтапханасында Дәурен ақынның «Сары жапырақ – сарғайған жүрек» атты оқырманмен сырласу кешi өттi.

Ел Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына арналған жүздесуде жазушы Мархабат Байғұт жас қаламгердiң шығармашылығын жоғары бағалады.

– Ақсақал ретiнде соңымыздан ерген жастардың қадамын бақылап жүремiн. Солардың арасында Дәуреннiң шығармашылығымен жақсы таныспын. Өлеңдерi «Қазығұрт» журналында екi рет жарық көрдi. Әсiресе, күздi жақсы көредi екен. Сезiмтал ақын. Дәурендi өлең өнерiнiң өз өренi деп айта аламын, – дедi М.Байғұт.

Сырласу кешiнде ақын Шалқар Әбiш, «Оңтүстiк-Цирк» мекемесiнiң директоры Арман Әлиев, ОҚО жастар саясаты мәселелерi жөнiндегi басқарманың басшысы Болат Жанәбiл және өңiрiмiздiң белгiлi қаламгерлерi кеш иесi туралы жылы пiкiрлерiн айтты. Ақынның анасы Қалдыгүл Ибрагимова да ұлы туралы жүрекжарды ойларымен бөлiстi.

Осы күнi Дәурен Айманбетовтiң «Кiтапхана және қаламгер» бағдарламасы аясында жарық көрген «Сары жапырақ – сарғайған жүрек» атты жыр жинағының тұсауы кесiлдi. Оны кiтапхана директорының орынбасары Ақмарал Омарова жиналған көпшiлiкке таныстырып, оқырманға тарту еттi.

Мерейi тасыған сыршыл ақын осы кештi ұйымдастырғаны үшiн Шәрбану Дiнәсiлова басқаратын кiтапхана ұжымына алғысын айтып, өз өлеңдерiнен шашу шашты.

 

«Шаянға барсаң әншiмiн деме»

Ел Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына орай Бәйдiбек ауданының өнерпаздары жырдан шашу шашты. Облыстық дәрежеде өткен «Шаянға барсаң әншiмiн деме» атты ән байқауына өңiрiмiздiң әр түкпiрiнен көптеген өнерпаздар келiп бақ сынады. Кезiнде заңғар жазушы Мұхтар Әуезов Қаратаудың етегiн жайлаған елдiң өнер десе iшкен асын жерге қоятын ынтасы мен ықыласына риза болған екен. Сол кездегi Алғабас ауданында қаламгер әр шаңырақтан әнге құмар жандарды жолықтырған дейдi. «Шаянға барсаң әншiмiн деме» деген сөз содан қалған екен.

Арыста «Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік» тақырыбында жас ақындар айтысы өтті

Айтыс өнері - қазақтың қанына сіңген бекзат өнер. Бабалардан қалған осы өнерге елеңдемейтін қазақ жоқ. Еңсе тіктеген баласынан еңкейген қариясына дейін суырып салма ақындарды тыңдаудан жалыққан емес.  Топырағы киелі Арыс қаласында жыл сайын дәстүрлі түрде  облыстық жас ақындар айтысы өткізіліп келеді.

Оралхан шығармалары шымкентте оқылды

Биыл Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерiнiң республикалық байқауы Шымкент қаласында өттi әрі ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналды. Облыстық орыс драма театрында өткен сайысқа елiмiздiң әр өңiрiнен барлығы 16 үмiткер қатысты. Байқауды ұйымдастырған ҚР Мәдениет және спорт министрлiгiнiң Тiлдердi дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетiне қарасты Ш.Шаяхметов атындағы тiлдердi дамытудың республикалық үйлестiру-әдiстемелiк орталығының директоры Ербол Тiлешов конкурстың шымылдығын құттықтау сөзбен ашты. Ал, облыстық тiлдердi дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Н.Шарафиев облыс әкiмiнің құттықтауын көпшiлiкке жеткiздi.

«Төрткүл дүние – төрт мезгіл»

«Махаббат шайыры» Исраил Сапарбаев Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрында шығармашылық кешін өткізді. Айтулы кеш ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналып отыр.

«Әнім саған, нұрлы елім!»

Қарашаның 9 күні Оңтүстік Қазақстан облыстық облыстық орыс драма театрында Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Оңтүстік Қазақстан облыстық опера және балет театрының әртісі Үралхан Сейлбекованың концерті өтті.

ОҚО-ның мәдени ошақтары Тәуелсіздіктің 25 жылдығына дайындалып жатыр

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Түрксой» халықаралық ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейіновпен Шымкент қаласында орналасқан мәдениет нысандардың тыныс-тіршілігімен танысып, өнер қызметкерлерімен жүздесті. Өңірдегі мәдени ошақтар желтоқсан айындағы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына бүгінде қызу дайындық үстінде.

Арыста облыстық жас ақындар айтысы өтті

Айтыс өнері - қазақтың қанына сіңген бекзат өнер. Бабалардан қалған осы өнерге елеңдемейтін қазақ жоқ. Еңсе тіктеген баласынан еңкейген қариясына дейін суырып салма ақындарды тыңдаудан жалыққан емес.  Топырағы киелі Арыс қаласында жыл сайын дәстүрлі түрде  облыстық жас ақындар айтысы өткізіліп келеді.