Соңғы жаңалықтар

Мәдениет & Шоубиз

ОҚО-да «Арыс жағасында» VII ретро-фестивалі өтті

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында өңір басшысы Ж.Түймебаевтың қатысуымен Шәмші Қалдаяқов атындағы «Арыс жағасында» VII ретро-фестивалі өтті. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерекелік думанға қатысушыларды аймақ басшысы құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.

ОҚО-да «Анаға апарар жол» фильмінің көрсетілімі өтті

Бүгін Шымкенттегі «Көрме» орталығында Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» тарихи драмасының премеьралық көрсетілімі өтті. Аталған жалпыұлттық көркем фильм Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ мен «Жаңа әлем продакшн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен бірлесіп түсірілген. 

Республикалық «Абай оқулары» байқауында шымкенттік студент топ жарды

Астана қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өткен дәстүрлі республикалық «Абай оқулары»  байқауында І орынды Оңтүстік Қазақстан облысының  2-курс студенті Сайдазимова Унсунай Муратқызы иемденді. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Театр майталманы Хабиба Елебекова 100 жаста

Тұңғыштар тарих үшін қашанда бағалы. Оларды іздейтініміз де, қадірлейтініміз де сон­дықтан. Алғашқы мықтыларды ешкім алмас­тыра алмайды. Театры да, театр өнеріне баулитын оқу орны да жоқ кезеңде табиғи тұма таланттардың күші­мен тақыр жерден театр жасағандардың бір өкілі Хабиба Елебекова биыл 100-ге келіп отыр. Жалаң аяқ жар, қызыл асық қар кешіп жүріп, алғашқы театрды ұйымдастырушылардың ортасынан табылды.

ОҚО-да «Алтын сақа» балаларға арналған қысқаметражды фильмдер фестивалі өтті

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай бүгін Шымкенттегі облыстық опера және балет театрында  «Алтын сақа» балаларға арналған қысқаметражды фильмдер фестивалі  ұйымдастырылып, өткізілді. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Ақниет Орынтай: Кәсіби мамандармен жұмыс істеу – жас актриса үшін үлкен жетістік

«Тарас. Шөл даламен қоштасу» фильмінің бір бөлігі Маңғыстау облысмында түсірілгені белгілі. Картинаның түсірілімі аяқталған соң кинодағы қазақ қызы Қызтумастың (Катя) ролін сомдаған актриса Ақниет Орынтай осы жобадағы өзінің орны туралы айтып берді.

Түркияның танымал пианисті Қ.А.Ясауиге арнап Қазақстанда концерт береді

Баршамызға мәлім болғандай, 2016 жыл ЮНЕСКО тарапынан әлемдік деңгейде халықаралық  «Қожа Ахмет Ясауи жылы» деп жарияланды. Осы атаулы оқиғаға орай, Астанадағы Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы Қазақстандық өнер сүйер қауымға үлкен тарту жасамақшы. Түрік мәдениет орталығы, Түркияның Қазақстандағы елшілігі және Қазақ Ұлттық өнер университетінің қолдауымен әлемге танымал түрік пианисті Тулуйхан Уғурлу Ясауи бабамызға арнап жазған шығармаларын пианинода орындап, Қазақстанда екі концерт береді. 

Алматыда Бибігүл Төлегенова вокалистерінің VIII халықаралық байқауы өтеді

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы мен Алматы қаласының 1000 жылдығы қарсаңында Бибігүл Төлегенова вокалистерінің халықаралық сегізінші байқауы өтеді. Бұл шара тәуелсіз Қазақстан жас әншілерінің биік талғамын, өнерге деген терең түсінігін қалыптастыруды мақсат етеді.

Ақтаулық әнші «Шекарасыз ән» халықаралық фестивалінің финалисті атанды

Ақтаулық әнші Ислам Музаев іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, «Шекарасыз ән» халықаралық фестивалінің гала-концертінде өнер көрсетті.

Алматыда VII «Оркестрлер шеруі» өз мәресіне жетті

Үш күнге созылған дәстүрлі «Оркестрлер шеруі» Алматыда өз мәресіне жетті. Биыл жетінші рет ұйымдастырылып отырған фестиваль ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Алматы қаласының 1000 жылдығына арналған.