Соңғы жаңалықтар

Мәдениет & Шоубиз

Қазақ хандығы туралы фильмнен бұрын мультфильмі жарық көрді

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен режиссер Рүстем Әбдірашев Қазақ хандығы туралы фильмді түсіріп бітіре алмай жатқанда шымкенттік аниматорлар "Қазақ елі" деген атаумен жаңа толықметражды мультфильмнің тұсауын кесті.

Айтыскер Аманжол Әлтай Қанат Әлжаппардан өнерді қорламауын сұрады

Елімізге танымал айтыскер-ақын Аманжол Әлтай әртіс Қанат Әлжаппардан киелі өнерді қорламауын сұрады. Бұған дейін Қанат пен өзге де эстрада әншілері "Жұлдыздар айтысы" деп аталатын жобаға қатысып, көпшілік тарапынан сынға ұшыраған болатын.

Эфирі үнді сериалдарынан босамайтын "Қазақстан" арнасына эстрада әншісі ренішін білдірді

Қазақстан эстрадасындағы танымал жас әнші Айқын Төлепберген жуырда Алматыдағы "Республика" сарайында өзінің жеке концертін берген болатын. Концерттің басты ерекшелігі сол, онда Айқын өз әндерін тек жанды дауыспен ғана шырқады. Ал, осынау мәдени шараны көрермендерге трансляциялаған "Қазақстан" ұлттық арнасы концерттің ең қызық сәттерін "қырқып" тастаған.

Қазіргі театр және уақыт талабы

Қазақ өнерінің қарашаңырағы М.Әуезов атындағы академиялық драма театрдың құрылғанына 90 жыл толып отыр. Бұл –тек театр үшін ғана емес, жалпы қоғам үшін, қазақ өнері мен мәдениеті үшін үлкен рухани мереке. Бүкіл халықтың, Алаш ардақтыларының арманы жүзеге асып, қажырлы қимыл-қарекеттерінің арқасында құрылып, халық арасынан шыққан «самородок сары алтын» таланттар іргесін қалаған, өз тарихында елімен бірге дамып-өркендеген театр бүгінгі таңда да дәстүрді лайықты жалғастырып, тәуелсіз Қазақстан сахна өнерінің көшбастары болып келеді.Театр қазіргі тыныс-тіршілігі еліміздің тыныс-тіршілігімен бірегей.

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған тағы бір фильм жарыққа шықты

«Аспанның мәңгілік назарында» атты 10 сериялы ғылыми-танымдық деректі фильмінің тұсаукесері ертең ҚР Ұлттық музейінің ғимаратында өтеді. Жоба авторы – Бақыт Қайырбеков.

Кермеге кезіккен күлік (деректі әңгіме)

Ғұмырдың екі кезеңі ыстық бола түседі ме деймін жылдар өткен сайын. Оның бірі – қамсыз балалық дәурен де, екіншісі, албырт жігіттік кезең екен. Алаңсыз уақыт... Бірақ ұзақ емес. Бірте-бірте алыстай береді. Оралмасын білсең де аңсайсың. Жадта қайта жаңғыртасың есіңде сақталған жайттарды, көз алдыңа бейнесін әкелесің. Бір сәт жаныңа шуақ төгеді. Мерейленесің... Бала кезімізде талай куә болғанбыз, бас қосып қауқылдасқан ауыл қарттарының жастық шақтарын сөз еткеніне. Кейбірі тіпті жас ала-тұғын жанарына. Ескі күніне елеспен саяхаттап, көңіліне медет табады екен ғой кейін бағамдасам... Сол күйге біз де еніп келе жатқан жайдамыз.

Ұлттық музейдегі «Жыр керуені»

Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Жыр керуені» атты лекция-концерт өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі жанындағы «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырып отыр.

Б.Момышұлының 15 томдық еңбектер жинағы жарық көрмек

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығында Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының көптомдық шығармалар жинағының келесі 15 томы дайындалуда. Бұған дейін оның 30 томы жарық көрген болатын. 

«Мамам мені өлтір(е)ді...»

Аңсаған Мұстафа суретінің кейіпкерлерімен біз күнделікті өмірде қатар жүрміз. Біз оны танымаймыз, кім екенін білмейміз, бірақ бірге ауа жұтып, жер бетін бірдей басып, тіпті автобуста, аялдамада, метрода, көшеде қарсы ұшырасып қалуымыз да бек мүмкін. Алайда, «адам аласы ішінде» емес пе,  сондықтан ол сізге, не сіз оған жайбырақат күле қарауыңыз да ғажап емес. Ал егер сіз оның әлгінде ғана қолын қанға малып, өз баласын өзі өлтіріп келе жатқанын білсеңіз ше? Не істер едіңіз?

«Жансебіл». Хью Гласс шынайы өмірде кек алды ма?

Жыл басынан бері ғаламтордағы тренд тақырыптардың бірі – «Жансебіл» фильмі, Леонардо Ди Каприоның «Оскарға» лайықты немесе лайықсыздығы... Оның образға ену үшін шикі балық жеп, өлген жануардың терісін оранғанына дейін біліп алдық. Фильмді көргендер де, трейлерін ғана көргендер де жаппай пікір білдіріп жатыр. Ал Ди Каприо жанын аямай сомдаған кейіпкер кім? Өмірде шынымен аюға таланып, «жағдайсыз жалғыз қалып» кеткен бе? Кек алған ба рас па, әлде бұл тек кинода ғана ма?