Соңғы жаңалықтар

Мәдениет & Шоубиз

«Қазақ Елі» анимациялық фильмі Испанияда өтетін кинофестивальде көрсетіледі

«Қазақ елі» атты қазақ мультипликациясы тарихындағы тұңғыш тарихи толықметражды анимациялық фильмі қарашаның 4-і мен 13-і аралығында Барселонада (Испания) өтетін Азия фильмдері кинофестивалінің (Asian Film Festival) негізгі байқауына іріктеліп алынды деп жазады «Хабар 24».

Шымкентте профессор Мекемтас Мырзахметұлымен кездесу болды

Оңтүстік Қазақстан облыстық жасөспiрiмдер кiтапханасында «Тәуелсiздiктiң 25 жылдығына орай – 25 игi iс-шара» аясында абайтанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлымен кездесу болды.

Ақтаулық оқушы криминалды драма жанрында фильм түсірмекші

Жуырда ғана ақтаулық бишілер туралы кино түсірген жергілікті оқушы кино саласына бет бұрғысы келетінін мәлімдеді. Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-ші сыныбында оқитын Дамир Бешаков алға қойған мақсаты мен жоспарлары туралы айтып, тілшілерге сұхбат берген болатын.

Ақтауда оқушылар арасында «Әбіш оқулары» байқауы өтті

Бүгін Ақтау қаласында ҚР Тәуелсіздігінің  25  жылдығы  қарсаңында жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары  арасында Халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың шығармаларын кеңінен  насихаттау мақсатында облыстық «Әбіш оқулары» байқауы өтті. Бұл туралы облыс Маңғыстау облыстық әкімдігі аппаратының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Шымкентте романс орындаушыларының дәстүрлi байқауы өттi

Оңтүстік Қазақстан облыстық орыс драма театрында аймақтық Қазақ романсиадасы романс орындаушыларының дәстүрлi байқауы өттi. Ән фестивалiн облыстық мәдениет басқармасы, облыстық «Южный Казахстан» газетi редакциясы және облыстық славян ұлттық мәдени орталығы ұйымдастырып отыр. Мәдени шара ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған.

Шымкент әкімінің жүлдесі «Ханшайымға» бұйырды

Шымкент – өнерді ұлықтай білген қала. Дәстүрлі республикалық көңілді тапқырлар клубының кешіне жиналған елдегі таңдаулы құрамалар сахналық қойылымдарында осы ұғымды басты тақырып өзегі етті. «Шымкент қаласы әкімінің жүлдесі» үшін өткен бұл жолғы ойындар ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды. «Түркістан» сарайындағы көрермендерін күлкімен көмкерген көңілді кешті Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов та тамашалады.

Астанада «Қазақстан-Түркия достық әуендері» атты концерт өтеді

26 қазанда сағат 19:00-де Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігі, Астана қаласындағы Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы мен Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TIKA) Астана координаторлығының бірлесе ұйымдастыруымен бауырлас ел Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Түркия күндері» шарасы аясында «Қазақстан –Түркия Достық әуендері» концерттік бағдарламасы өтеді.

Тақырыпқа тарықпайтын қаламгер

Ел Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығы мерекесi қарсаңында асқаралы 60 жасқа толған Қайырғали Медеттi оңтүстiк жұртшылығы қаламы қарымды журналист, тағлымды хикаят жазатын көсемсөзшi, сырлы әңгiмелерi бар жазушы, тасқынды жырлар төге алатын ақын ретiнде таниды. Өткен аптада А.С.Пушкин атындағы орталық кiтапханада қаламгер оқырмандарымен жүздестi.

Астанада Оңтүстіктің күндері «Ән - шашуым өзіңе, мерейлі Астанам!» Гала-концертімен аяқталды

Бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын өткізу аясында «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» Оңтүстік Қазақстан облысының Астанадағы екінші күні «Нұрын шашқан - Оңтүстік» фотокөрмесі мен жалғасын тауып, «Ән - шашуым өзіңе, мерейлі Астанам!» Оңтүстік Қазақстан облысы өнер шеберлерінің Гала-концертімен қорытындыланды.

Гүлшара Әбдіқалықова «Жастар» театрының қойылымына барды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова елордадағы «Жастар» театрының «...Көзіме бір көрінсең, бала ғашық...» атты сахналық повесінің қойылымына барды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.