Соңғы жаңалықтар

Мәдениет & Шоубиз

Әнші Бүркіт Ернар Айдарға жаңа iphone сыйға тартты (ВИДЕО)

Әнші әрі кинопродюсер Айбек Сейітов Ернар Айдарға iphone сыйға тартты. Марапат алған әнші бұл қуанышымен Instagram-парақшасындағы оқырмандарымен бөлісті.

Түркияның танымал актері Қазақстанға келді (ВИДЕО)

Көпшілікке «Құлпынай иісі» телехикаясы арқылы танымал Юсуф Чим Қазақстанға келді. Ләйла Сұлтанқызының шақыруымен келген өнер жұлдызы «Алматы-Аренада» өтетін «Жыл таңдауы» Ұлттық музыкалық жүлдесін жүргізбекші.

Бірге суретке түспегені үшін Сәкен Майғазиевті тыңдарманы балағаттап кетті (ВИДЕО)

Тыңдармандар сүйікті жұлдызын көрсе болды, естелік суретке  түсіп қалуға тырысады. Бірақ өнер адамдары бәрінің бірдей көңілін табуға құлықты болғанымен, үлгере алмай жатады. Сондай бір сәтте өзін балағаттап кеькен көрермен жайлы Сәкен Майғазиев өзінің Instagram парақшасына жазды.

Алматыда «Ән аққуын аспандатқан...» атты әдеби-сазды кеш өтті

Бүгін Алматыда Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында танымал композитор Қыдырбай Аманжоловтың шығармашылығына арналған «Ән аққуын аспандатқан...» атты музыкалық әдеби-сазды кеш өтті. Шараны Әуезов ауданы әкімдігі мен «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы ұйымдастырып отыр.

А.Мұхамедиұлы: «Шығармашылық адамы аш болса өнімді еңбек етеді»

Бүгін Мәжілістегі үкімет сағатында сөз сөйлеген ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстандағы өнер адамдарының жалақысы жайында сөз қылды.

«Құлыншақ пен бөлтірік»: көрермен көзімен

«Ата-анаға көз қуаныш, Алдына алған еркесі» - дейді дана Абай атамыз.  Баласын әділетшіл, адал азамат қылып тәрбиелеу –  әр ата-ананың арманы.  Сол арман жолында, баламызды «ана өнерді де меңгерсе екен, мына өнерді де игерсе екен» - дейміз. Яғни, баланы «отқа да саламыз, суға да саламыз». Осындай «ұлы сүргінде» жүріп ұл-қызымыздың қалай есейіп кеткенін байқамай да қаламыз. Бізге қазіргі сүргін тірлікте бүлдіршініміздің ең  бақытты сәтін өткізіп алу қаупі төнгендей. Бүгін бізге баланы ерте есейтуге ұмтылу емес, баламен бала болуды үйрену қажет сияқты. Алматы қуыршақ театры репертуарын қарап отырып кез келген ата-анаға бала мен бала болудың жақсы мүмкіндігі берілгенін көресіз.  Режиссер Р.Жаныамановтың саханалауымен көрерменге жол тартқан Ж.Омаровтың «Құлыншақ пен Бөлтірік» ертегісінің тәрбиелік мағынасы зор. Жер бетіндегі жаратылыс атаулының арасында достық атты ұлы  сезімнің салтанат құра алатынын көрсететін ертегі бүлдіршіндерді бірден өзінің көңілді әлеміне жетелейді.

Алмалы ауданында Тұңғыш Президент күніне орай әдеби-музыкалық кеш өтті

ҚР Тұңғыш Президент күні мерекесі мерекелер күнтізбесіне енгізілгеніне көп уақыт бола қоймаса да бұл күн қазақстандықтардың асыға күтетін айтулы күндерінің біріне айналып үлгерді десек артық айта қоймаспыз. Өйткені, бұл мереке жас, жыныс, әлеуметтік тап немесе қызметті таңдамайды, яғни барша қазақстандықтарға ортақ. Оның үстіне, дәл осы күні республика аумағында түрлі мәдени-рухани іс-шаралардың өтетіні тағы бар. Осындай жиындардың бірі бүгін Алматы қаласы Алмалы ауданындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында өтті.

«Рухани жаңғыру» аясында алматылық оқу орындары арасында айтыс өтті

Алматыда «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалының қолдауымен «Елбасы және Ел мұраты» атты ақындар айтысы өтті. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі мәлімдеп отыр.

Таразда Шерхан оқуларының үздіктері анықталды

«Рухани жаңғыру» – бұл ең алдымен өскелең ұрпақтың бойындағы патриоттық сезімдерін оятып, оларды ұлтжанды етіп тәрбиелеу. Жастардың санасы жаңғырған кезде ғана Қазақстан болашақта экономикасы дамыған өркениетті елдердің отыздығына кіре алады. Сондықтан, қоғамдық сананы жаңғыртуды Мемлекет басшысы ең алдымен жастардан бастау керектігін бірнеше рет айтқан болатын.

Таразда күйші Ержан Рысметовтің шығармашылық кеші өтті

«Рухани жағыру» идеясы – бұл тек дөңгелек үстелдер мен семинар-конференциялар емес, сондай-ақ, әдеби, мәдени, өнер кештері. Халықтың рухани азық алуына дәл осындай іс-шаралардың тікелей әсер ететіні белгілі. Сондықтан, соңғы уақытта елімізде дәл осындай руханиятқа толы іс-шаралар легі жиілей бастады.