Соңғы жаңалықтар

Мәдениет & Шоубиз

Қазақстан Лондонда бейбітшілік және келісім орталығын ашады

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясының шешімдерін орындау мақсатында 26 тамызда Лондон қаласында Қазақстандық бейбітшілік және келісім орталығының ашылу салтанаты өтеді, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Қазақ тарихан сыр шертетін «Қазақ елі» атты тұңғыш музыкалық альбом жазылды

Қазақстанда алты алаштың тарихынан сыр шертетін «Қазақ елі» музыкалық альбомы жазылды. Жаңа туындының қыр-сыры туралы автор, сазгер Сайрамбек Жексембі айтып берді, деп хабарлайды «Қазақпарат»

Алматыда жазушы Қалихан Ысқақты ақтық сапарға шығарып салды

Жазушылар Одағында өткен қаралы жиынға жазушының туған туыстары, үзеңгілес достары, ақын, жазушылар, өнер саласында жүрген азаматтар жиналды. Жазушының отбасына көңіл айтып, орны толмас қайғыға ортақтасты, деп хабаралайды «Қазақпарат».

Павлодар мұражайына ғасырдан астам тарихы бар рояль келіп түсті

Павлодар көркемсурет мұражайының қорына ғасырдан астам тарихы бар рояль жеткізілді. Вера Воробьева-Моргеладзе есімді жергілікті тұрғын кезінде ерекше бағаланған «Дидерихс» фабрикасының аспабын туған қаласына тарту етті, деп хабарлайды 24.kz.

Белгілі қаламгер Қалихан Ысқақ дүние салды

Бүгін белгілі жазушы, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қалихан Ысқақ 80-ге қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

КӨЗДЕН КЕТСЕ ДЕ КӨҢІЛДЕН КЕТПЕС ЖАН ЕДІ...

Кез келген адамның балалық кезеңінде, жасөспірім шағында бір жақсыға қарап бой түзейтіні, тіпті шамасы келіп жатса ой түзейтіні де белгілі. Бүгінде жасы елуден асқан менің замандастарымның әдебиетпен ауырмағандары кемде кем. Біздің буынның ішінде ауру қатты өтіп кеткендері әдебиетке, қалғандары журналистикаға келді. Сол ел қатарлы біз де ауырғанбыз. Журналистикаға келуіміздің себебі де содан. Қуып жіберсе де сол төңіректегі ізді шиырлап жүре беретініміз де содан шығар, бәлкім...

Бекзат Саттарханов жайлы фильмнің қысқаша көріністері жарияланды (ВИДЕО)

Бокстан Олимпиада чемпионы марқұм Бекзат Саттарханов туралы көркем фильмнің алғашқы ресми тизері жарық көрді, деп хабарлайды «Қазақпарат»

Арал теңізі жайлы фильм халықаралық байқауды жеңіп алды

Арал теңізінің жоғалуы туралы фильм Шукшин фестивалінде бас жүлдеге ие болды, деп хабарлайды «Қазақпарат».

Канадада Бекмамбетовтың жаңа фильмінің әлемдік премьерасы өтті

Әйгілі «Шырша» фильмін дүниеге әкелген продюсер Тимур Бекмамбетов пен режиссер Лео Габриадзенің «Cybernatural» фильмінің әлемдік премьерасы Монреалдағы «Fantasia» кинофестивалінде өтті, деп хабарлайды «Қазақпарат».