Соңғы жаңалықтар

Мәдениет & Шоубиз

"Сүйегім жасиды..."

Сан тарау өмір соқпағында ерікті, яки еріксіз басқан ізің – адамша ойланған сәтіңде ар сотының алдында азаптай ма? Тірнектеп, тыраштанып қалыптастырған анықтауышыңа (атағыңа, абыройыңа, кәсіби дәрежеңе) қаншалықты адал­дығың жайлы аз-кем толғанғанда лайықты, лайық­сыздығыңыз туралы Құдайдың алдында құлазисыз ба? Осы сауалдарды өзіңе қойған сәтте адамша өмір сүрудің аса күрделі үлгісін көрсетіп кеткен алдыңғыларға айтар сөз де таппайсың. Тазы боп шалар түлкі – заманды сүрген біз ғана емес қой, тегі...

Алик Айдарбаев астаналықтар ұсынған «Ревизор» комедиясын тамашалады

Маңғыстау облысында өтіп жатқан V-ші Орталық Азия мемлекеттерінің халықаралық театр фестивалінде Астана қаласынан келген жастар театры көпшілік қауымға Н.Гогольдің «Ревизор» комедиясын ұсынды. Қойылымды тамашалауға  облыс әкімі Алик Айдарбаев келген болатын.

ЖАЗУШЫДАН ҚАДІР ҚАШЫП ТҰР... НЕГЕ?

Өткен ғасырдың жетпісінші-сексенінші жылдары біздің қазақтың бозбалалары мен бойжеткендерінің көпшілігі министр, хатшы (бүгінгі әкім), жалпы шенеунік болғаннан гөрі ақын, жазушы болуды көбірек армандайтын. Он жыл министр болғанды ешкім танымауы мүмкін еді, он жол өлеңі мерзімді баспасөзге шыққан адамды кемі он адам сырттай болса да біліп жататын. Ол кездің министрлері бұқара халық тарапынан ақынға көрсетілер құрметтің оннан бірін де көрген жоқ. Ал, Алматыңызда көшеде Тұмағаңды, Қадағаңды, Олжасты көріп қалу дегеніңіз кішігірім мереке іспеттес еді. Белгілі бір қаламгерді көшеде жалқы сәтке көріп қалсаңыз болды, соның өзі ауылға келіп мақтануға молынан жетіп жататын. Тура сол Тұлғамен күнде араласып жүргендей кейіпте әңгіме айтушылар аз болмаушы еді. Және ол ерсі көрінбейтін. Ол кезде ақындардың көшеде мас болып кетіп бара жатуының өзі сүйкімді көрінуші ме еді, ешкім оларды жыға айыпқа бұйырмайтын, сөкпейтін. Ауылдан Алматыға қыдырып келген ағайын да елге барған соң «не көрдің, не білдің?» дегендерге әңгімесін  «ресторанда атақты Пәленшеевтің өзін көрдім, есіл ер удай мас екен, сыйлап жібердім» деп бастайтын. Бәлкім атақты Пәленшеевті шынымен-ақ көрді, бәлкім айтып отырғанының бәрі өтірік, мәселе онда емес. Мәселе – ақынды, жазушыны көру дегеніңіздің өзі үлкен абырой болатын. Ал, көріп тұрып сыйламай жіберу дегеніңіз көргенсіздіктің ең үлкеніне саналатын. Өз кезегінде... Кейбір мінезі жеңілтек ақындар ішіп алса көпшілік орындарда «мені танисыңдар ма, танымасаңдар неге танымайсыңдар?» деп сондағы қазақтардың миын қағып алатын. Қалған қанды өлең оқып ішетін. Халық соның өзіне кешіріммен қарайтын. Бәрі де сол қоғамның ақын-жазушыға деген құрметінің көрінісі еді ғой.

Астанада өткен ғасырлардан сыр шертетін экспонаттар көрмесі өтіп жатыр

Астанада XVIII- XX ғасырдан сыр шертетін бірегей көрме өтіп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Елімізде 12 өңірлік мұражайдың жағдайы күрделі жөндеуді қажет етіп тұр

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифигте мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Астанада татар халқының ұлттық «Сабантойы» тойланды

Бүгін, 20 қыркүйекте Астанада Татарстан Республикасының мәдени күндері аясында «Хан шатыр» СОО жанындағы алаңда татарлардың ұлттық мерекесі – Сабантой өтті, деп хабарлайды Skfnews.kz.

ҚызПУ 70 жылдығын атап өтпек

Ертең, 19-қыркүйек күні Алматыда Республика сарайында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің 70 жылдық мерейтойына арналған «70 жылдық белесі: болашаққа жарқын жол» атты мерейтойлық салтанатты кеш өтеді, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Астанада VII Халықаралық вокалистер байқауы өтеді

Елордада алдағы жексенбіде Бибігүл Төлегенованың VII Халықаралық вокалистер байқауы шымылдығын ашады, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Елбасы қазақ хандарының кинолентасын жасау міндетін қойды

 Н.Назарбаев «Қазақфильмге» «Сүлеймен сұлтан» сияқты киноэпопея түсіруді тапсырды, деп хабарлайды «Қазақпарат».

«Астана Операда» Мариинский театры қойылым ұсынбақ

Мариинский театры Қазақстанға тұңғыш рет спектакльмен келеді. Елорда тұрғындары мен қонақтары Рихард Вагнердің жойқын туындысы «Нибелунг сақинасы» тетралогиясын тамашалайтын болды, деп хабарлайды Skifnews.kz.