Соңғы жаңалықтар

Мәдениет & Шоубиз

Қазақстан мен Түрікменстан мәдени шығармашылық байланыстар орнатуға келісті

ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Түрікменстанның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мактымгулы Акмырадовпен кездесті. Онда мәдениет және спорт салаларындағы мемлекетаралық ынтымақтастық мәселелері сөз болды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Министрлік баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде мәдениет және өнер салалары талқыланған.

«Қазақстандық ведомства басшысы мен Түрікменстан Елшісі мәдени саладағы тәжірибе және екі мемлекеттің мәдениет және өнер өкілдерінің арасында шығармашылық байланыстар алмасуға келісті», делінген хабарламада.

Сонымен қатар, қатысушылардың ойынша мәдениет саласындағы ықпалдастық тұрақты және ұзақ мерзімді болуға тиіс. Тараптар арасында Қазақстан мен Түрікменстан жетекші ұжымдарының қатысуымен түрлі концерттер, көрмелер, спектакльдер ұйымдастыруға келісімі жасалды.

Елбасы кітапханасы 650 мың кітап қоры бар Ф.Эберт қорымен меморандумға қол қойды

Елбасының кітапханасы және Ф. Эберт атындағы қор ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Астанада өткен музыка байқауы жеңімпаздары Ресейде фестивальға қатысып жатыр

Astana Piano Passion байқауының жеңімпаздары Ресейде музыкалық фестивальға қатысып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Астаналық жас суретшілердің үздік туындылары көрмеге қойылады

11 қыркүйекте астаналық 26 жас суретші өздерінің үздік еңбектерін «Құланшы» қазіргі заманғы өнер орталығында «Made in Astana» көрмесінде көпшілік назарына ұсынатын болады, деп хабарлайды Skifnews.kz.

«Gakku TV-ның» мақсаты – қазақ көрерменінің мәдени деңгейін көтеру – арна продюсері

Gakku TV жаңа телеарнасының іске қосылуына және 13 қыркүйекте Алматы қаласындағы «Астана» алаңында тұңғыш рет өткізілетін GAKKU ДАУЫСЫ жаңа музыкалық фестиваліне арналған баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды «Қазақпарат».

Алматыда алдағы жексенбіде Х Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі ашылады

Алматыда 2014 жылдың 15-20 қыркүйек аралығында Х Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өтеді. Кинофестиваль ЮНЕСКО-ның ресми күнтізбесіндегі атаулы мерекелердің біріне енген ұлы қазақ режиссері Шәкен Аймановтың жүз жылдығына арналады, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Белгілі жазушы Адам Мекебаев өмірден озды

Қыркүйектің 8 күні Алматыда белгілі жазушы Адам Мекебаев 75-ке қараған шағында дүние салды. Бұл туралы марқұмның жақындары хабарлап отыр.

Қазақстандық әншілер қымызды насихаттайтын эстафета бастады (ВИДЕО)

Әнші, сазгер Заттыбек Көпбосынұлы қымызды насихаттайтын жаңа эстафета ойлап тапты.

Астанада Конституция күніне арналған мерекелік концерттер өтеді

Конституция күнін мерекелеуге орай елорда тұрғындары мен қонақтары үшін үш күн бойы концерттер ұйымдастырылады, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейіне 10 жыл

ҚР Тұңғыш Президентінің Музейі 28 тамызда 10 жылдығын атап өтеді. Осыған байланысты мекеме қызметкерлері бірқатар шаралар кешенін ұйымдастырды, деп хабарлайды Skifnews.kz.