06.03.2023, 21:30

Шетел азаматы елімізден 4 млрд теңгенің алтынын шығарды деген күдікке ілінді

Фото: pixabay
Қазіргі кезде тағы екеуі іздеуде жүр.

Қазақстанда алтын бұйымдарының контрабандасын ұйымдастырды деген күдікке ілінген шетелдікке қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары аяқталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап.

Тергеу материалдарына сәйкес, күдікті трансұлттық қылмыстық топты құрып, 4 млрд теңгеден астам сомаға алтын бұйымдарының заңсыз экспортын ұйымдастырған. Ұсталған ер адам Қазақстан азаматы емес. Ол ұзақ уақыт бойы шетелде бой тасалап жүрген.

"Red Notice" (қызыл хабарлама) халықаралық іздестіру бойынша бірлескен іс-шаралардың нәтижесінде күдікті Қырғыз Республикасының аумағында ұсталды. Оны ұлттық қауіпсіздік, полиция және прокуратура органдарының күштері экстрадициялады", - делінген ресми хабарламада.

Айта кету керек, бұған дейін қылмыстық топтың көптеген қатысушысы сотталған болатын. Қазіргі кезде тағы екеуі іздеуде жүр.