$ 481.84  531.33  5.07

Шымкентте тұрғындардың шағымынан кейін 7 кәсіпорын жұмысын тоқтатты

Олар табиғатқа 33 мың тоннадан астам зиянды қалдық тастаған.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Шымкентте қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін 7 кәсіпорынның жұмысы соттың шешімімен тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Otyrar.kz-тің хабарлауынша, "Ордабасы" және "Оңтүстік" индустриал аймағында орналасқан өндіріс орындарының кемшіліктері сол маңға жақын қоныстанған тұрғындардың шағымынан соң анықталған.

Енді бұл кәсіпорындар өндірістік технологиясын жетілдірмейінше, жұмыс істемейді.

Жалпы былтыр қаладағы кәсіпорындарда экологиялық талаптарды бұзудың 161 дерегі тіркелген. Олар табиғатқа 33 мың тоннадан астам зиянды қалдық тастаған.

"Департамент тарапынан 2022 жылдың 12 айында индустриалды аймақтардағы 18 кәсіпорынға тексеру жүргізіліп, жалпы соммасы 58 миллион теңгеден астам 48 әкімшілік айыппұл салынды. Бұл көрсеткіш тексеру бойынша 2 есе, айыппұл бойынша 4 есе артқан", деді
Шымкент қаласы бойынша Экология департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы Берік Сәтенов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары