$ 494.87  520.65  4.91

Еліміздің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Семейде күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Астанада, Қарағандыда, Көкшетауда және еліміздің 12 облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасай отырып.

Астанада күндіз оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 17-22 м/с болады деп болжанады.

Қарағандыда күндіз оңтүстік шығыстан оңтүстік батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Көкшетауда күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік батыстан шығысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі. 

Түнде Маңғыстау облысының солтүстік-батысында тұман болады деп болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ақтауда түнде және таңертең солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Орал қаласында түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.

Алматы облысының батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с, Қонаевта оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. 

Түнде және таңертең Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарда тұман түседі.  Өңірдің оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан 15-20 м/с, ткей тұста 23-28 м/с жылдамдықпен жел соғады. Таразда найзағай ойнайды. Таңертең және түстен кейін оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с,  кей тұста 25 м/с дейін жетеді.

Ұлытау облысында арагідік жауын-шашын болады, күндіз облыстың солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың шығысында тұман түседі. Түнде облыстың батысында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Жезқазғанда оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа  ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. 

Қызылорда облысының оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл болады деп күтіледі. Түнде облыстың орталығында оңтүстіктен солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың орталығында 25 м/с құрайды. Қызылордада күндіз шаңды дауыл болады деп күтіледі. Оңтүстіктен солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Ақтөбе облысының орталығында, батысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде көктайғақ болады. Күндіз облыстың шығысында жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың оңтүстігінде, орталығында, шығысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Ақтөбеде түнде көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Павлодар облысында ауа райы жауын-шашынды, өңірдің батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, облыстың орталығында, батысында, оңтүстігінде - көктайғақ, облыстың солтүстігінде - боран. Өңірдің солтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні түнде  15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Павлодарда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Қостанай облысының басым бөлігінде қар жауады, облыстың оңтүстігінде – жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың орталығында, батысында, солтүстігінде қалың қар түседі. Облыстың солтүстік жартысында боран болады. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде – көктайғақ, тұман. Облыстың басым бөлігінде оңтүстіктен солтүстікке ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың шығысында 23 м/с дейін жетеді. Қостанайда таңертең және түстен кейін қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді. Түнде тұман болады. Оңтүстіктен солтүстікке ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батыс бөлігінде тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың шығысында оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Петропавлда көктайғақ, қатты жел болады, жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Абай облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде жауын-шашын болады деп күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде облыстың солтүстігінде қарлы боран, көктайғақ болады. Күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Семейде күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары