$ 494.87  520.65  4.91

Биыл елімізде жемқорлардың ақшасына 70 мектеп салынады

Құжаттар дайын.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Бұл туралы үкімет кулуарында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Биыл жемқорлардың ақшасына 70-тен астам мектеп салынады. Құжаттар дайын. Тізім бар. Таяуда осы тізім қолдау тауып, аталған мектептердің құрылысын қаржыландыру басталады. 23 өңірді қамтимыз», - деді министр.

Бейсембаевтың айтуынша, жемқорлардан түсетін қаражат жаңа мектептерді салуға да, құрылысы басталған мектептерді аяқтауға да жұмсалады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары