08.03.2023, 10:30

Жедел жәрдеммен келсе де, дәрігерлер қабылдамаған: Астанадағы ауруханалардың бірінде ер адам қабылдау бөлімінде көз жұмды

Фото: stan.kz
Демікпемен ауыратын Русланның бұл жолғы жағдайы аса ауыр болғанымен қабылдау бөліміндегілер ауруханаға жатқызудан бас тартқан.

Астанада ауруханаға жедел жәрдеммен жеткізілген 43 жастағы Руслан Рышқов қабылдау бөлімінде көз жұмған. Марқұмның әйелінің айтуынша, дәрігерлер денсаулығында кінәрат жоқ деген соң ер адам алты сағат бойы қараусыз жатқан. Енді әйел ісіне салғырт қараған мамандарды әйел сотқа бермек деп хабарлайды 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасы.

43 жастағы Руслан Рышқов 20 ақпанда елордадағы қалалық фтизиопульмонология орталығына жедел жәрдеммен дереу жеткізілген. 8 жылдан бері демікпемен ауыратын Русланның бұл жолғы жағдайы аса ауыр болғанымен қабылдау бөліміндегі мамандар науқасты ауруханаға жатқызудан бас тартқан көрінеді. Марқұмның әйелінің сөзінше, жанына батып жатса да азамат аурханадағы басынан өткерген бар сорақылықты мессенджер арқылы айтып кеткен.

“Егер саған менің телефонымды сындырып берсе, сен сенбе деді. “Мен өлейін деп жатырмын, мыналар мені қарап жатқан жоқ” деді. Мен жалғыз өзім қабылдау бөлімінде қиналып жатырмын. Ол таңға дейін қабылдау бөлімінде қиналып жатқан. Таңғы сағат 7:30-да медбике тағы қоңырау шалды. "Күйеуіңізді алып кетесіз бе, жоқ па?” деді”, – дейді марқұмның әйелі Айзада Құлмұратова.

Бастапқыда ер адамның денсаулығында кінәрат жоқ деген дәрігерлер 2 сағаттан соң қайта қоңырау шалып, күйеуінің қайтыс болғанын айтқан. Дәрігерлер ер адамның өліміне тромбтың жарылуы себеп болғанын жеткізіпті. 

Аурухананың бас дәрігері Анна Цепке құпия жағдайда көз жұмған науқас бойынша толыққанды мәләмет бере алмаған. Тек марқұмның әйелі құзырлы органдарға шағымданған жағдайда ресми жауап болады деп қысқа қайырды.  

“Біз көрсеткен медициналық қызметтің сапасын анықтау үшін әйел арнайы органдарға жүгінсін. Біздің жұмысымызға көңілі толмайтындай күдігі болса сот-медициналық сараптама тағайындасын”, – деді Астана қалалық фтизиопульмонология орталығының бас дәрігері Анна Цепке.

Stan.kz