$ 494.87  520.65  4.91

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

9 наурызда республиканың шығысында және оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
Фото: newtimes.kz
Фото: newtimes.kz

9, 10 және 11 наурызда Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК синоптиктері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бейсенбі, жұма және сенбі күндері бірқатар өңірде екпінді жел мен көктайғақ құбылыстарымен бірге қар, қар аралас жауын-шашын болады.

9 наурызда республиканың шығысында және оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

"Алдағы үш күнде республика бойынша тұман күтіледі. Республиканың басым бөлігінде температуралық фонның айтарлықтай өзгеруі күтілмейді, тек республиканың солтүстік, орталық, шығыс облыстарында түнде ауа температурасы 5-18 градус аязға дейін төмендейді", - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ауа райы