$ 494.87  520.65  4.91

Атырау облысында теміржол компаниясына қомақты айыппұл салынды

Атап айтқанда, монополиялық жоғары бағаларды белгілеу және монополиялық ережені теріс пайдалану сипатында заңбұзушылықтар орын алған.
Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Атырау облысында «РТИ-АМӨЗ» ЖШС-ға айыппұл салынды. Оған монополиялық ережені теріс пайдаланды және негізсіз жоғары баға белгіледі деген айып тағылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Атырау облысы бойынша департаменті Атырау көлік прокуратурасымен бірлесіп жүргізген тексеру барысында «РТИ-АМӨЗ» ЖШС іс-әрекеттерінен бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу фактісін тіркеді. Атап айтқанда, монополиялық жоғары бағаларды белгілеу және монополиялық ережені теріс пайдалану сипатында заңбұзушылықтар орын алған.

«Атырау көлік прокуратурасының ұсынысы негізінде департамент «РТИ-АМӨЗ» ЖШС-не қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады», - делінген БҚДА хабарламасында.

 Істі қарау қорытындысы бойынша Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен «РТИ-АМӨЗ» ЖШС жалпы сомасы 485 млн теңгеге әкімшілік жаза қолданылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ол мемлекет пайдасына толық көлемде төленді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары