$ 498.34  519.72  4.85

«Астана-Зеленстрой» бас директорына 185 млн теңге айыппұл салынды

3 наурызда сот үкімімен А.Наурызәлі пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.
Фото: Bizmedia.kz
Фото: Bizmedia.kz

Ақпаратқа сәйкес, "Астана-Зеленстрой" ЖШС Бас директоры А.Наурызәлі "Табиғат-Сервис НС" ЖШС директорының орынбасары С.Карловадан жасыл екпелерді күтіп ұстау бойынша артықшылық бергені, орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін 9 млн теңге алу дерегі бойынша істі қарау аяқталды, деп жазады inbusiness.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"3 наурызда сот үкімімен А.Наурызәлі пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Оған мемлекеттік мекемелерде қызмет атқару құқығынан айыра отырып, параның жиырма еселенген сомасы – 185 миллион теңге мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды. Сот С.Карловаға параның он бес еселенген сомасы – 135 миллион теңге көлемінде айыппұл салды", - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары