Оралда қалалық соттың судьясы жұмыс орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 10 наурыз күні таңмен болды.
«Жедел жәрдем сағат 09.48-де шақырылды. Қалалық сотта жұмыс орнында 1968 жылғы ер адам аяқ астынан жайсыз сезінген. Жедел жәрдемді шақырған адамның сөзіне қарағанда, судья қорылдап, ес-түссіз құлаған. Марқұмның жүрегі тоқтап қалған, жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болып кеткен», деп хабарлады ведомстводан.
БҚО полиция болған оқиғаны растап, ер адамның кенеттен дүниеден озғанын жеткізді.