$ 494.87  520.65  4.91

Қостанайда адам азаптаған полицей сотталды

Бұл туралы қалалық прокуратура мәлім етті.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Қостанайда адам азаптаған полиция қызметкері сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы қалалық прокуратура мәлім етті.

Ведомство дерегінше, полиция қызметкері қылмыскерді ұстаған кезде оның денесін жарақаттаған. Сот талқылауының нәтижелері бойынша бұрынғы полиция қызметкері ҚР ҚК-нің "Азаптау" бабы бойынша кінәлі деп танылды. Оған төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

"2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қылмыстық іс жүргізу кодексіне кезекті өзгерістер күшіне енді. Енді азаптау туралы істер бойынша сотқа дейінгі тергеуді прокуратура органдары жүзеге асыратын болады. Егер азаматтарға қатысты полиция тарапынан құқық бұзушылық жасалған жағдайда, олар құқықтарын қорғау үшін Қостанай облыстық прокуратурасына жүгіне алады", - деп атап өтті прокуратура.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары