10.03.2023, 22:30

Атырау облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Фото: zakon.kz
Сондай-ақ УАЗ көлігінің 3 жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілді.

Атырау облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

9 наурызда республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының 551 шақырым тұсында "Ларгус" және УАЗ автокөліктерінің бетпе бет соқтығысуы салдарынан ірі жол-көлік оқиғасы орын алды.

Оқиға орнында "Ларгус" автокөлігінің 1990 жылғы жүргізушісі және 1994, 2022 жылдарғы  жолаушылары қаза тапты, сондай-ақ УАЗ көлігінің 3 жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілді.