11.03.2023, 07:30

Демалыс күндеріне ауа райы болжамы жарияланды

Фото: pixabay
Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.

"Қазгидромет" РМК 11-13 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Қар және жаңбыр түрінде жауын-шашын болып, екпінді жел соғады, солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс облыстарда бұрқасын болуы мүмкін.

"11-12 наурызда республиканың оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады, 12-13 наурызда республиканың шығыс облыстарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), Қазақстанның оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады. Республика бойынша тұман түсіп, солтүстік жартысында көктайғақ болуы ықтимал. Республиканың оңтүстік жартысында найзағай ойнайды", - дейді синоптиктер.

Ауа температурасы:

– республиканың батыс облыстарында түнде 0-10°C жылыдан 2°C аязға дейін – 8°C жылы, күндіз 3-1°C 5 жылыдан 7-18°C жылыға дейін өзгереді;

– республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, шығысында түнде 0-12°C аяздан 3-15°C аязға дейін төмендейді, күндіз 3°C-5°C аяздан – 3°C жылыға дейін көтеріледі;

– оңтүстікте түнде 3°C аяздан – 10°C жылыға дейін, күндіз 10-20°C жылы, оңтүстік-шығыста түнде 0-8°C, күндіз 2-18°C жылы болады.