11.03.2023, 09:30

Талдықорғанда аурухана есепшісі 109 млн теңгені құмар ойынға жұмсап жіберген

Фото: pixabay
Ол шын жүректен өкініп, келтірілген зиянды өтеуге уәде берген.

Талдықорған соты балалар ауруханасының бухгалтерін 109 млн теңгені иемденіп алғаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды zakon.kz. 

Сотта бухгалтер 2021 жылғы 1 наурыздан бері аурухана шотынан өзіне ақша аударып, оны құмар ойындарға жұмсағаны белгілі болды.

Ауруханаға 109 млн теңге шығын келген.

Сотталушы кінәсін толық мойындады, шын жүректен өкініп, келтірілген зиянды өтеуге уәде берген.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.