$ 498.34  519.72  4.85

Атырауда 44 жастағы әйел мұз астына түсіп кетті

Ол жолды қысқартпақ болған.
фото: turkystan.kz
фото: turkystan.kz

Атырауда Жайық өзеніне батып бара жатқан әйел құтқарылды деп хабарлады turkystan.kz.

«Кешкі сағат 21:49-да Атырау қаласындағы «Элита» мейрамханасының тұсында белгісіз адам Жайық өзеніне батып бара жатқаны туралы шақырту түсті. Шақырту орнына жеткен жедел құтқару жасағының құтқарушылары мен жедел кезекші суға батқан әйелді құтқарып қалды. Ол жолды қысқарту үшін өзеннің келесі жағалауына мұз үстімен өтпек болған. Құтқарылған әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, облыстық ауруханаға жеткізілді. Қазір 1979 жылы туған әйел аурухана дәрігерлерінің бақылауына алынды», -деп хабарлады Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан.

Жайық өзеніне батқан әйелді құтқаруға департаменттің 5 қызметкері мен 2 техника жұмылдырылды.

«Бір күнде Жайық өзеніне екі адамның батқаны тіркелді. Осыған байланысты тұрғындардан жұқа мұз үстімен өтпеуді ескертеміз. Өйткені, ауа райының жылынуына байланысты Жайық өзеніндегі мұз еріп жатыр» – делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Атырау