$ 487.37  532.94  5.09

Ішіп алып әйеліне тиіскен астана тұрғыны қамауға алынды

Бұл оның мас күйінде үйінде жанжал шығарып, отбасының тыныштығын бұзған бірінші оқиғасы емес екені анықталды.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Елорда тұрғынынан 102 арнасына мас күйеуінің үйінде жанжал шығарғаны, сондай-ақ, балағат сөздер айтып, ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіргені туралы хабарлама келіп түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Полицейлер Астана тұрғынының мас күйінде отбасылық жанжал шығарғанын анықтады. Оның барысында ол әйеліне қатысты әдепсіз сөздер айтып, психологиялық зорлық-зомбылық көрсеткен. Сөйтіп, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында заңға қайшы әрекеттер жасаған.

Бұл оның мас күйінде үйінде жанжал шығарып, отбасының тыныштығын бұзған бірінші оқиғасы емес екені анықталды.

"Алматы аудандық полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы отбасылық жанжалқойға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі Мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен ер адам 7 тәулік мерзімге, сондай-ақ, құқық бұзушының тәртібіне 12 ай мерзімге алкогольдік ішімдіктерді, есірткі және психотроптық заттарды пайдаланбауға белгіленген ерекше талапты бұзғаны үшін ер адам 21 тәулікке Медициналық әлеуметтік оңалту орталығына орналастырылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары