$ 494.87  520.65  4.91

Қызылордада автобус жүргізушісі адам қағып кетті

Ол ауруханаға жатқызылды.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Қызылорда қаласында жолаушылар тасымалдауға арналған автобус жолдан өтпек болған әйел адамды қағып кетті. Ол ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 10 наурызда Қызылорда қаласындағы Әйтеке би көшесі бойында болды. Қала ішінде жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық автобус иесі жүргіншіні қағып кеткен.

«Салдарынан әйел Қызылорда қалалық ауруханасына жатқызылды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары