$ 494.87  520.65  4.91

Теміртауда тұрғын үйде жарылыс болды

Пәтерде болған 7 адам, оның ішінде 5 бала әртүрлі дәрежедегі күйік жарақатын алды.
Фото: malim.kz
Фото: malim.kz

Теміртауда көпқабатты үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, салдарынан 7 адам, оның ішінде 5 бала ауруханаға жеткізілді, деп хабардайды malim.kz.

Төтенше жағдай бүгін, 13 наурыз сағат 13:56-да болған.

«Теміртау қаласындағы өрт туралы хабар түсті. 6-шы шағынауданда бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатында орналасқан пәтерде газ-ауа қоспасы тұтанып, кейіннен жану орын алған. Өрт Төтенше жағдайлар департаментінің күштерімен сағат 14:19-да сөндірілді. Жалын 6 шаршы метр аумақты от шарпыды», - деп мәлімдеді Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметінен.

Пәтерде болған 7 адам, оның ішінде 5 бала әртүрлі дәрежедегі күйік жарақатын алды. Олар ауруханаға жатқызылды.

Сондай-ақ, оқиға салдарынан пәтер аралық қабырға, пәтердің сыртқы есігі және кіреберістің терезе блоктары зақымданған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары