13.03.2023, 17:20

Алматы облысында мектеп оқушылары 49 жастағы ер адамды соққыға жыққан

Фото: nege.kz
Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді.

Алматы облысында кәмелетке толмаған жасөспірімдер ер адамды аяусыз соққыға жыққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

7 наурызда түнде Есік қаласының ауруханасына түрлі дене жарақаттарымен 49 жастағы ер адам жеткізілген.

Жәбірленуші Тау Түрген ауылының тұрғыны.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Еңбекшіқазақ ауданы ПБ ювеналды полициясының қатысуымен криминалдық полиция қызметкерлері 49 жастағы ер адамға дене жарақатын салды деген күдікпен 2006, 2007 және 2008 жылы туған үш кәмелетке толмағанды анықтап, ұстады. Тергеу әрекеттері кезінде ұсталғандар 6 наурызда сағат 2:00 шамасында Түрген ауылында белгісіз ересек адамға дене жарақатын салғанын мойындады", - деп хабарлады Алматы облысының полиция департаменті.

Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді.

"Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалып, соталды тергеу амалдары жүргізіл3п жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды", - делінген хабарламада.