13.03.2023, 22:30

Су тасқыны: Батыс Қазақстанда ауыл тұрғындары эвакуацияланды

фото: uralskweek.kz
Олардың дені Ақсай қаласы мен аталмыш ауылдағы туысқандарына орналастырылды.

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақбұлақ ауылына тасқын су кіріп, 44 адам қауіпсіз жерге көшірілген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

БҚО ТЖ департаментінің мәліметінше, дамбаны бұзып өткен тасқын су ауылдың екі көшесіне, оншақты үйге кірді. Оқиға орнынан 44 адам көшірілген. Олардың дені Ақсай қаласы мен аталмыш ауылдағы туысқандарына орналастырылды.