14.03.2023, 10:00

Тоқаев Амал мерекесімен құттықтады

Фото: akorda.kz
Жыл берекелі болсын, ағайын!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Амал мерекесімен құттықтады.

Бұл туралы Президент Twitter-парақшасында жазды.

"Барша Қазақстан халқын бүгінгі Амал мерекесімен құттықтаймын! Көктемнің алғашқы лебін ала келетін бұл күнді жұртшылық ежелден асыға күткен. Елдік пен ынтымаққа шақыратын осы мейрам – ұлтымыздың бауырмалдық салтының жарқын көрінісі. Жыл берекелі болсын, ағайын!", - деп жазды Президент.