14.03.2023, 13:00

Ақтөбеде тағы екі ауыл су астында қалды

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Тұрғындар қауіпсіз жерге эвакуацияланды.

Ақтөбе облысының Қобда ауданында еріген қардың салдарынан 15 үйді су басқаны белгілі болды. 

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше Қобда ауданында қардың қарқынды еруі және далалықта еріген қар суы салдарынан Қобда ауылында 15 үй, 28 аула аумағы, денешынықтыру-сауықтыру кешенінің ғимараты, 1 дәмхана су астында қалған. Тұрғындар қауіпсіз жерге эвакуацияланды.

Сонымен қатар, Қобда ауданы Егіндібұлақ ауылына да еріген қар суы кірген. Облыстық ТЖД мамандарының  айтуынша, Тұрғын үйлер мен жеке қосалқы шаруашылықтарға қауіп төніп тұрған жоқ.