$ 494.87  520.65  4.91

Министрлік 20 наурызға дейін үш өңірде жер сілкінеді деген ақпаратқа пікір білдірді

Дүрбелеңге жол бермеу керектігін айтты.
Фото: media.realitatea.net
Фото: media.realitatea.net

Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов қазақстандықтарды жер сілкінісі қаупіне байланысты үрейленбеуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, ведомствоның аумақтық бөлімшелер мен техника төтенше жағдайға әрқашан дайын.

«Ведомствоаралық өзара іс-қимыл және аумақтық бөлімшелер мен құрылымдық бөлімшелерді тексерудің тиісті жоспары бар. Пысықтау кезінде төтенше жағдайға дайындық барысы тексеріледі», - деді Руслан Иманқұлов.

Сонымен қатар министрлік өкілі жер сілкінісі қаупі туралы болжамның рас екенін, бірақ дүрбелеңге жол бермеу керектігін айтты.

«Халыққа тиісті хабарды жеткізіп отырамыз», - дейді ведомство өкілі.

Одан бөлек, Руслан Иманқұлов жер сілкінісі қаупіне байланысты Алматы, Алматы және Жетісу облыстарының әкімдеріне ешқандай хат-хабардың жетпегенін айтты.

Айтуынша, оның қажеті де жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары